1682

Елорданың кәсіптік-техникалық колледжі «Жас маман» жобасы қалай жүзеге асатынын көрсетті

Нұр-Сұлтанда Кәсіптік-техникалық колледж заманауи оқу жабдықтарын көрсетті. Олар жоба аясында кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру және практикалық дағдыларды жетілдіру үшін сатып алынды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Жас маман» жобасы қазақстандық және халықаралық нарықта өзекті болып саналатын, сұранысқа ие индустриялық және сервистік мамандықтар бойынша мамандар даярлау үшін қазіргі заманғы жағдайлар жасауға бағытталған. Жобаның мақсаты – 100 сұранысқа ие мамандық бойынша 180 колледж бен 20 жоғары оқу орнын жаңғырту, сондай-ақ білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу.

Колледж қабырғасында «Дәнекерлеу ісі», «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану», «Токарлық іс» мамандықтары бойынша құзыреттілік орталықтары көрсетілді.

«Бұл жабдықты автомобиль жасау кәсіпорындары, өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс компаниялары, электр энергиясын өндірушілер, өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары, көлік және жөндеу ұйымдары сәтті пайдалануда. «Жас маман» жобасын жүзеге асыру түлектерімізге жұмысқа орналасуға жол ашады», - деп «Үздік педагог» республикалық байқауының жеңімпазы, «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері Бейбіт Бибосынов ESAB швед өндірісінің жаңа жабдықтары туралы айтты.

«Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығын өндірістік оқыту шеберлері Ерсайын Сәдуақасов пен Артем Нечитайлов таныстырды. Олар жалпы ауданы 162,7 ш.м. екі шеберхана және бір оқу зертханасы қайта жабдықталғанын айтып өтті.

«Шеберханалар мен оқу кабинеттерінің материалдық-техникалық базасы оқу бағдарламасының, Кәсіби Стандарттар мен WordSkills стандарттарының талаптарына толық сәйкес келеді. Шеберханалардың бірі заманауи диагностикалық жабдықпен жабдықталған, ол жеңіл автокөліктердің барлық түрін диагностикалауға мүмкіндік береді. Шеберханада төрт тіректі көтергіші бар ССD стенді, мотор-тестер, автомобильдің отын инжекторының оқу стенді, бензин қозғалтқышының және автоматты қораптың жаттығу стенді, дизель қозғалтқышының тренажері бар», - деді Ерсайын Сәдуақасов.

Артем Нечитайлов бұл зертханалық стендтер автомобиль механизмдері мен жүйелерін, олардың жұмыс істеу принциптері мен жұмыс режимдерін зерттеу үшін теориялық, практикалық және зертханалық жұмыстар кешенін жүргізу үшін қажет екенін түсіндіріп берді.

«Автоэлектрика» зертханалық стенді және гибридті автомобильдің қолданыстағы оқу моделі студенттерге автомобильдің электр жабдығын егжей-тегжейлі зерделеуге және автомобильді диагностикалау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша бастапқы дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді шебер.

Колледж басшысының орынбасары Омарбек Тілеубаев, өндірістік оқыту шеберлері Әлімхан Қарағожин және Нұржан Абланбеков еңбек нарығында сұранысқа ие «жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану» мамандықтарының бірін таныстырды.

«Біздің колледж – елордадағы осы мамандық бойынша жұмысшы кадрларды даярлаумен айналысатын жалғыз оқу орны. Сатып алынған заманауи оқу жабдығы студенттерге жол-құрылыс техникасының құрылымын тереңірек зерделеуге мүмкіндік береді, жолдарды салу, күтіп ұстау және жөндеу кезінде көтергіш-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтарын пайдалану бойынша бастапқы дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жұмыс кезінде көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, стационарлық шеберханаларда және жұмыстарды орындау мекемелерінде көтергіш-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асыруға, көтергіш-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтарының жүйелері мен тетіктерінің техникалық жай-күйін анықтауды үйретеді», - деді Омарбек Тілеубаев.

Ол «Жас маман» жобасы қазіргі заманғы кәсіптік-техникалық білім деңгейін арттыруға және колледж түлектерін бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие мамандарға айналдыруға көмектесетінін атап өтті.

Іс-шара соңында Allur Auto Astana бас директоры Жандос Наушанов, Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Римма Иманғазиева және колледж басшысы Бірлік Қапезов өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойды.

Тұсаукесерге ҚР Білім және ғылым министрлігінің, «Talap» КЕАҚ, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, Есіл ауданы әкімі аппаратының, «Атамекен» ҰКП өкілдері, әлеуметтік серіктестер қатысты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109