1748

Нұр-Сұлтанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан қаласында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің қатысуымен кезекті жәрмеңке өтіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңкеде қала тұрғындарына сиыр еті, жылқы еті мен қой еті, құс еті, сүт және ашыған сүт өнімдері, көкөністер (картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат), жемістер, тауық жұмыртқасы, балық, жарма, жоғары сұрыпты ұн және өзге де қажетті азық-түлік өнімдері ұсынылады.

«Бүгін Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстарының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің, сол сияқты «айналым тетігі» аясында Нұр-Сұлтан қаласының сауда нысандарына тауар жеткізуші кәсіпкерлердің қатысуымен жәрмеңке өтіп жатыр. Жәрмеңке сондай-ақ аймақаралық кооперация аясында өткізіліп жатыр. Жәрмеңкеге 150-ге тарта кәсіпкер өз өнімдерін қойды. Оның барысында нарықтағы бағадан 10-15 пайызға арзан, жаңа жеткізілген 250 тоннаға жуық өнім қойылады. Мұнда алыпсатарларға жол берілмейді, тікелей тұтынушыға жеткізіледі», – деді Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы бөлімінің басшысы Руслан Ыдырысов.

Жәрмеңкеден жылқы етінің килограмын 2200 теңгеге, сиыр етін 2000 теңгеге, қой етін 2000 теңгеге, құс етін 1000 теңгеге, пісірілген шұжықты 850-2000 теңгеге, картопты 140 теңгеге сатып алуға болады.

«Біз Қарағанды өңірінен келіп отырмыз. Бас қаламызда өтіп жатқан жәрмеңкеге шұжық өнімдерін жеткіздік. Нұр-Сұлтан әкімдігі өздерінде өтетін жәрмеңкелерге тұрақты түрде шақырып тұрады. Жыл сайын осында келіп сауда жасап тұрамыз. Елордаға шұжықтарымыздың ең дәмдісін алып келдік. Келіңіздер, сатып алыңыздар. Бәрі өте дәмді», – деді «Колбасный цех «Мецгер» ЖШС өкілі Раушан Ермекова.

Қала тұрғындары жәрмеңкенің орналасқан жері ыңғайлы екенін жеткізді.

«Мен осы маңайға жақын жерде тұрамын. Сол себепті маған базарға емес жәрмеңкеге бару ыңғайлы. Жәрмеңкенің тұрған жері де жақсы, қаланың ең көрікті жерлерінің бірі. Бағалары да қолжетімді. Жәрмеңкенің аяқталатыны өкінішті. Соңғы бір айда ет, көкөніс, жеміс-жидекті көбірек алдым. Бағалары қолайлы болды. Көп адам осы жерден сауда жасап кетеді», – деді қала тұрғыны Бану Ахметжанова.

Бұған дейін ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде 5 мың тоннаға жуық өнім ұсынылған болатын. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне республиканың барлық облыстарынан тауар өндірушілер қатысты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109