1834

Елордада Pfizer препаратымен вакцинациялау басталды

Бүгін, 15 қарашада елордалық мектептер мен медициналық ұйымдарда тұрғындардың белгілі бір контингентін Pfizer препаратымен вакцинациялау басталды.

Вакцинацияны алғаш болып алуға ниет білдіргендер арасында жүкті әйелдер, емізетін аналар мен балалар бар.

«Қазақстанға Pfizer препараты жеткізілетінін білгенде, аяғым ауыр болатын. Екпе алатындар қатарына іліккеніме қатты қуандым. Вакцинация өз денсаулығыңызды да, жақындарыңыз бен айналаңыздағы адамдардың денсаулығын да қорғауға мүмкіндік береді. Соңғы мәліметтер бойынша, балалар мен жүкті әйелдер коронавируспен жиі ауыра бастады. Өз басым денсаулық пен қауіпсіздікті қолдаймын!» - деп бөлісті Гүлфайруз Ысқақова.
Осыған ұқсас пікірді аяғы ауыр (16 апта) қала тұрғыны Әсел Адамова жеткізді.

«Біздің еліміз ғана емес бүкіл әлем бұл вируспен қанша уақыттан бері күресіп келеді. Қауіпке жүкті әйелдер де, кішкентай балалар да ұшырай бастады. Жаңа өмір есігін ашатын баламның денсаулығы да, өз денсаулығым да маңызды. Сол себепті екпе алуға келдім. Екпеден қандай да бір қауіп көріп тұрған жоқпын. Мен үшін алдын алу мен қорғану әлдеқайда маңызды. Ең қорқынышты ауырып қалып, алда не күтіп тұрғанын білмеу. Мен бәрін екпені тезірек алуға шақырамын», - деді болашақ ана.

Ал 17 жастағы Торежан Тұрсын екпе алу туралы шешімді бірден қабылдапты.

«Осы жазда отбасымызбен ауырдық. Ауруды өте ауыр өткіземіз деп ойламаған едім. Көп ұзамай оқуым басталды, оффлайн оқуға шықтық. Егер вакцинацияланбасам, ағзамды қорғамасам, қайтадан ауырып қалуым мүмкін екенін білемін. Екпе алудан қорыққан емеспін. Мен үшін ең қорқыныштысы – қайта ауыру», - дейді студент Төрежан Тұрсын.

Сондай-ақ, бүгін №75 мектеп-гимназияның медициналық пунктіне 15-17 жас аралығындағы алты жасөспірім екпе алуға келді. Олардың айтуынша вакцина ғана адамды вирус жұқтырудан қорғай алады.

Естеріңізге сала кетейік, елорда бойынша Pfizer препаратымен вакцинациялауға жататындар арасында 5 мың жүкті әйел, 28 мың бала емізетін әйел адам, сондай-ақ 63 мың бала бар. Осы санаттағы адамдарға тек медициналық ұйымдарда және қаланың білім беру мекемелеріндегі медициналық пункттерде ғана вакцина ала алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109