1252

Үш жыл ішінде "Астана - жаңа қала" АЭА қатысушы кәсіпорындары өнімділікті 2 еседен астам арттырды

"Астана – жаңа қала" Арнайы экономикалық аймағы жиырма жыл бұрын құрылған болатын. Жоба сәтті болып, өзін-өзі ақтап, мемлекеттің экономикалық дамуына үлкен үлес қосты. Бүгін 13 арнайы экономикалық аймақтан түсетін табыстың төрттен үш бөлігін астаналық АЭА табуда, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты "Казахстанская правда" газетіне сілтеме жасап.

"Астана – жаңа қала" АЭА-ға кіретін кәсіпорындар жұмыс істеген барлық уақыт ішінде 116 млрд теңге салық төледі, бұл № 1 Индустриялық парктің инфрақұрылымын салуға бөлінген сомадан бес есе артық. Яғни, бұл шығындар бірнеше рет өзін ақтады. АЭА-ның 20 жылға жуық жұмыс істегені тәжірибесі көрсеткендей, жоба табысты болып, елорданың дамуына үлкен үлес қосты.

2018-2020 жылдары АЭА – ға қатысушы кәсіпорындар өндірілген өнім көлемін екі еседен астам, 345-тен 800 млрд теңгеге дейін ұлғайтты, бұл астаналық зауыттардың пандемиядан туындаған карантиндік шектеулерге байланысты тауар өндірушілер үшін қиын жағдайға қарамастан өсіп келе жатқан өндірістік қуатын айғақтайды.

Жұмыс істеп тұрған 50 зауыт орналасқан және тағы 30-ға жуығы жобалау немесе салу сатысында тұрған № 1 Индустриялық паркте бос учаскелер жоқ деуге болады. 2021 жылы мұнда инвестиция көлемі 11 млрд теңге болатын 10 өнеркәсіптік кәсіпорынды іске қосу жоспарланып отыр. Ал барлық жобаларға салынған жеке инвестициялардың жалпы сомасы 200 млрд теңгеден асады.

Жаңа өндірістерге шетелдік инвесторлар қызығушылық танытып отыр, олардың өнімдері Қазақстанда да, жақын және алыс шетелдерде де сұранысқа ие. Бұл Нұр-Сұлтанда инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін оңтайлы және қолайлы жағдайлар жасалғанын білдіреді.

2021 жылы жиһаз, кеңсе тауарлары, жылу оқшаулағыш құбырлар мен темірбетон бұйымдарын шығаратын 4 зауыт іске қосылды, қосымша 100 – ден астам жұмыс орны ашылды.

Қала әкімдігі үлкен қолдау көрсетуде, тапсырыс бойынша "Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы аясында жаңа зауыт үшін инженерлік желілер салынды.

"Біз елорда билігіне өнеркәсіптік бояулар шығару бойынша біздің инвестициялық жобамызға жан-жақты қолдау көрсеткені үшін ризамыз. Бізге жер телімін берді, барлық коммуникацияларды алып тастады, салықтар мен кедендік баждардан босатты. Шетелдік инвестор ретінде біз Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің нақты қолдауы мен жұмысын, оның инвестициялар тартуға және жаңа жұмыс орындарын құруға деген қызығушылығын сезінеміз", – дейді Лак-бояу зауытының директоры Михаил Вахрушев.

Келесі жылы жеке инвестицияларға 25 млрд.теңге сомасына 13 кәсіпорын салу және іске қосу жоспарлануда, яғни 1 300 жұмыс орны ашылады.

Фото: kazpravda.kz

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109