1292

Елордалық супермаркетте өртке қарсы сабақтар өткізілді

Байқоңыр ауданы әкімінің аппараты Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Байқоңыр ауданының Төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесіп "Магнум" супермаркетінде өрт-тактикалық сабақтарын өткізді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 

Байқоңыр ауданының Төтенше жағдайлар басқармасында өртке қарсы оқу-жаттығулар сабақтардың ауқымдылығымен және жеке құрамның санымен ерекшеленетіні түсіндірілді. Оның ішінде өрт - тактикалық оқу-жаттығуларды өрт сөндіру бөлімдерінің басшылық құрамы, ал оқу-жаттығуларды гарнизондардың басшылары өткізеді.

Жыл басынан бері Байқоңыр ауданында 90 өрт-тактикалық оқу-жаттығуы мен сабақтар өткізілді.

"Магнум" супермаркетінде өткен өртке қарсы сабақтарға 4 бірлік техника мен жеке құрамның 17 адамы жұмылдырылды.

"Бағдарлама аясында тактика және арнайы дайындық бойынша "Магнум" сауда үйінің объектісінде өрт-тактикалық сабақтар өткізілді. Бұл сабақтардың негізгі мақсаты - жеке құрамды объектімен, сыртқы және ішкі өртке қарсы сумен жабдықтау, сөндіру жүйесімен таныстыру, сондай-ақ персоналмен өзара іс-қимыл яғни, келушілерді, қызметкерлерді эвакуациялау пысықталуда", - деді Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бастығы Саят Тәжімов.

Сабақ барысында өрт сөндірушілер тоңазытқыш қондырғыларында шартты өртті сөндіруді пысықтады. Сабаққа №7 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің, сондай-ақ көрші №16 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері келді.

Басқармада сабақтар әр өрт сөндіру бөлімінде айына екі рет күндізгі және түнгі уақытта өткізілетінін атап өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109