1871

«Ешқандай қорқыныш жоқ»: мектеп оқушылары мен ата-аналар Pfizer вакцинациясы жайлы айтты

Елорда мектептерінде оқушыларды коронавирусқа қарсы Pfizer препаратымен вакцинациялау жүріп жатыр. Иммундау ерікті түрде жүргізіледі, бұл ретте баласының екпе алуы кезінде ата-аналарының қатысуына мүмкіндік берілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Оқушылар вакцинация олардың денсаулығына алаңдамай, емін-еркін жүруіне мүмкіндік беретінін айтады.

«Бүгін коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасын аламын. Аздап қобалжығаным рас. Бірақ екпенің көмегімен пандемия жағдайына қарамай көшелерде емін-еркін жүре алатынымды білемін. Мен екпе алмаған балаларға қарағанда көбірек мүмкіндікке ие боламын және ауырып қалудан қорықпаймын», - деді мектеп оқушысы Ольга Бутакова.

Оқушының анасы Юлия Бутакова КВИ-ге қарсы екпені кезексіз алу мүмкіндігі берілгеніне қуанышты екенін жасырмады.

«Бүгін Pfizer вакцинасын аламын. Бұл өз денсаулығымды болашақта қауіпсіз етеді деп санаймын», - деп оқушы Динара Амангелді өз ойымен бөлісті.

Өз кезегінде ата-аналар балаларына вакцинация кезінде қатысуға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты.

«Балам Pfizer екпесін алады. Вакцинация мектеп қабырғасында өтіп, оған ата-аналардың қатысуына мүкіндік бергеніне ризамын. Pfizer вакцинасына сенемін, сондықтан ешнәрседен қорықпаймын», - деді Әсемгүл Әбдіхалықова.

Сынып жетекшісі Зейнеп Істемесованың айтуынша, өз оқушыларының екпе алуы өзге балалардың қорықпауы үшін үлгі болады.

«Сыныбымдағы оқушылар бүгін вакцинациядан өтіп жатыр. Бұл баланың денсаулығы үшін маңызды деп есептеймін. Екпе алғандар COVID-19 вирусын жұқтырғанның өзінде ауруды жеңіл өткізеді. Оқушыларымның екпе алуы өзгелерге үлгі болады», - деді ол.

Айта кетейік, елордада жүкті, бала емізетін әйелдерді және балаларды Pfizer препаратымен вакцинациялау 15 қарашада басталды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109