1508

Елордада мәдениет қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өтті

Елордада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мәдениет қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өтті.  Оған Нұр-Сұлтан қаласындағы мәдениет ұйымдары қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

"Бүгін біз алғаш рет мәдениет ұйымдары арасында шағын футболдан Madeniet cup турнирін өткізіп жатырмыз. Бұл турнирдің мақсаты—қаламыздың мәдениет ұйымдарының басын қосып, бұқаралық спортты дамыту. Президентіміз өзінің жолдауында бұқаралық спортты дамытуға аса көңіл бөлген. Осы мақсатты пайдалана отырып біз бүгінгі турнирімізді өткізіп жатырмыз. Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан барлық мәдениет ұйымдары— театр, филармония, циркіміз осы жарысқа қатысып отыр",- деді Нұр-Сұлтан қаласы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Жаңабай Мейірманқұлов.

«Астана-Арена» спорт кешенінде өткен турнирге 7 команда қатысты. Әр команда құрамында 10 адам (алаңда 5+1, қосымша 4 ойыншы) бар. Жарыс бағдарламасына сәйкес, топтық кезең мен ширек финалда бір тайм уақыты – 15 минут, тайм арасындағы үзіліс – 5 минут. Турнирге бір мекемеден тек бір команда ғана қатысты.

Турнир қатысушылары мұндай шаралардың денсаулыққа пайдасынан бөлек, мәдениет қызметкерлерінің танысып, табысуына мүмкіндік беретінін ерекше атап өтті.

"Осындай спорттық-мәдени шараға қатысып жатқанымызға өте қуаныштымыз. Бұл- бұрыннан келе жатқан үрдіс. Биыл міне футболға ден қойылып келе жатыр. Біз үшін өте үлкен мереке. Ең бастысы әрине, деннің саулығы",- деп пікірімен бөлісті "Жастар" театрының актері Дәурен Серғазин.

Тартысты өткен матчтардың қорытындысы төмендегідей:

I орын – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Музыкалық жас көрермен театры» командасы.

II орын – Еркеғали Рахмадиев атындағы «Мемлекеттік филармония» командасы.

ІІІ орын – Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің «Астаналық цирк» командасы.

Турнирде жақсы ойын көрсеткен командалар кубоктармен, медальдармен және грамоталармен марапатталды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109