1097

4,5 мыңға жуық астаналық Pfizer вакцинасымен егілді

Нұр-Сұлтанда 4,5 мыңға жуық қала тұрғыны Pfizer вакцинасымен (бірінші компонент) егілді.

Олардың арасында жасөспірімдер (12-17 жас) көш бастап тұр – 2 877 бала екпе алған. Негізінен, мамандар атап өткендей, балалар мектептердің медициналық пунктерінде вакцинацияланады.

"Ата-аналар көбінесе педагогтерге мектептің медпунктінде егілу ниетімен өздері жүгінеді. Олар бұл жерде балалар үшін таныс орта, ал ата-аналар мұғалімдермен, медқызметкерлермен таныс болғандықтан олардың да көңілі жай. Біз ата-аналар мен балалардың осындай бастамасына тек қуаныштымыз. Оларға қолайлы орта ұсынып, әңгімелесеміз, олардың жағдайын бірге қадағалаймыз", - дейді "Салауатты Астана" емханасының мектеп-мектепке дейінгі бөлімшесінің меңгерушісі Сәуле Еңсебаева.

Сондай-ақ, дәрігердің айтуынша, вакцинациядан кейін бақылау аймағында оқушыларға қандағы қант деңгейін ұстап тұру үшін шай, тәттілер ұсынылады.

"Балаларға ең алдымен назар аударып, қамқорлық таныту қажет. Олар еш алаңдамас үшін біз барынша қолайлы жағдай жасауға тырысамыз. Менің ойымша, балаға да, ата - анаға да осылай ыңғайлы", - деп қосты дәрігер.

Оқушылардың ата-аналары да бұл пікірмен келіседі және медицина қызметкерлерін қолдайды.

"Мектеп балаларға қалай қамқорлық жасайтынын, вакцинация процесіне өте мұқият қарайтынын байқаймыз. Бәріміз де аздап алаңдаймыз, бірақ балалардың денсаулығына ұқыпты қарағандарын көріп, біздің де көңіліміз тынышталды. Олармен бірге егу кабинетіне кіреміз, бірге отырамыз және 30 минут күтеміз, ең бастысы - бәрі тыныш өтеді", - деп атап өтті жоғары сынып оқушысының анасы Майрагүл Ажетова.

Бүгінде қала бойынша 90 жүкті әйел, 1 357 бала емізетін ана және 2 877 жасөспірім Pfizer вакцинасын алды. Қала бойынша бірінші компонентпен барлығы 466 мыңнан астам адам вакцинацияланды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109