737

Нұр-Сұлтанда "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні" науқаны басталды

Бүгін елордада "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні" науқаны басталды. Іс-шаралар зорлық-зомбылықты болдырмау және алдын алу шаралары туралы халықтың хабардар болуын арттыруға бағытталған, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Науқан шеңберіндегі іс-шараларға мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, волонтерлер белсенді қатысады.

Халық арасында ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Еңбек ұжымдарында, білім беру ұйымдарында (мектептер, колледждер, ЖОО) психологтармен, медиаторлармен, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторлармен кездесулер өтеді.

Тәжірибелі сарапшылар дағдарыс орталықтарының отбасымен, мектеп психологтарымен, ата-аналар қауымдастығымен жұмыс жасайтын мамандар үшін оқыту тренингтерін өткізеді.

25 қарашада "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығының базасында "Зорлық-зомбылық психологиясы" тақырыбында жоғары санатты психолог, "Келешек" психологиялық орталығының директоры Наталья Семененко тренинг өткізеді.

"Үміт" дағдарыс орталығы базасында уәкілетті мемлекеттік органдар, әкімдік жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері қызмет алушылар қатарынан азаматтарды қабылдайды.

Денсаулық сақтау ұйымдарында "Саналы ата-ана" тақырыбында Ашық есік күндері өтеді.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің мәліметінше, 2021 жылдың 10 айында 3168 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасауға бейім 6600 адамға қатысты полиция қызметкерлері қорғау нұсқамаларын шығарды.

Дағдарыс орталықтарына 245 адам жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, жыл сайынғы "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні" халықаралық науқаны дәстүрлі түрде 25 қарашада Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күні басталып, 10 желтоқсанда Халықаралық адам құқықтары күні аяқталады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109