1040

Нұр-Сұлтанда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған онкүндік өтті

Жыл сайын 1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні атап өтіледі. Осыған орай елордада аталмыш аурумен күресуді насихаттауға және АИТВ-инфекциясының алдын алуға назар аударуға арналған онкүндік өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 

Осы проблемамен айналысатын БҰҰ ЮНЭЙДС ұйымдарының бірлестігі АИТВ-ға қарсы күрестің қазіргі науқанының тақырыбын «Теңсіздікті жою. ЖИТС-ті тоқтату. Пандемияны тоқтату» деп атады.

Жастар арасында АИТВ-ның алдын алу бойынша жұмыс тиімді болып саналатынын ескере отырып, өткен онкүндік аясында қалалық жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында көптеген танымдық іс-шаралар өткізілді.

«Нұр-Сұлтан қаласында да емдеу, алдын алу қызметтерімен қамтуда айтарлықтай прогресс байқалады. Бүгінгі таңда АИТВ-жұқпасы мен оппортунистік аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеудің тиімді құралдарына қолжетімділікті кеңейтудің арқасында, ол сияқты күтім және қолдау бағдарламаларын енгізу нәтижесінде АИТВ-инфекциясы созылмалы аурулар санатына өтті. Яғни АИТВ-мен өмір сүретін адамдар ұзақ және салауатты өмір сүре алады. Сондай-ақ әлемде осы инфекцияның алдын алу, ерте диагностикалау және емдеудегі жетістіктер – өлім-жітім көрсеткіші азайып, АИТВ/ЖИТС соңғы екі онжылдықта өлімге әкелетін аурулар тізімінде 8-орыннан 19-орынға көтерілуі», – деді.

Дүниежүзілік науқанның басты мақсаты халыққа АИТВ-инфекциясының алдын алудың маңыздылығы туралы еске салу, қоғамның назарын әлеуметтік қорғауға тарту және АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың құқықтарын сақтау. Қазіргі таңда медицина қызметкерлері мен қоғамдық ұйым өкілдері кейбір қиыншылықтарға қарамастан, қызметтің инновациялық тәсілдерін, қазіргі технологияның мүмкіндіктерін қолдана отырып, індетке қарсы күрестің міндетін табысты орындауда. Әсіресе халықтың АИТВ жұқтыру қаупі жоғары топтарында алдын алу іс-шаралары жүйелі ұйымдастырылып келеді.

Орталық директоры Сәбит Әбдрайымовтың айтуынша АИТВ-ның алдын алуға бағытталған жұмыстардың нәтижелі болуы үшін, осындай қоғам назарын аударатын айтулы даталардың үлесі зор.

«Біз аталмыш күндер аясында көптеген мемелекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен күш біріктіреміз. Мұндайда, біз бен қоғам белсенділерінің қызметі аталмыш індеттен зардап шеккен адамдарды тиісті ақпаратпен, қызметтермен, әлеуметтік қорғаумен қамту. Дегенмен, мұндай жұмыстар тек медицина тарапынан ғана емес, азаматтық қоғам, тіпті кез-келген адам өз денсаулығын нығайтуға жан-жақты үлес қосуы тиіс деп санаймын», - деді ол.

Айта кету керек АИТВ тестілеу арқылы анықталады. Ал тестілеу міндетті және ерікті түрде жүргізіледі. Міндетті топтарға донорлар, жүкті әйелдер, медицина қызметкерлері, сотталғандар және сот, прокуратураның сұранысы бойынша тұлғалар жатады. Қалғандары, оның ішінде осал топтар, клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша АИТВ-ға тесттен өтеді, нәтижесі оң болған кезде, психолог маманның консультациясы беріледі. Кеңес кезінде міндетті түрде есепке тұрып, ем бастау керектігі айтылып, емделуден жалтарғандар мен АИТВ статусын біле тұра басқа адамдарға жұқтырғандар үшін әкімшілік жаза қолданылып қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертіледі. АИТВ - бұл созылмалы ауру, ол көп жағдайда баяу, бірақ тұрақты түрде дамиды. Бұл вирус иммундық жүйені төмендетіп және СД4 жасушаларын азайтады, иммунитеттің төмендеуінен организм тіпті жеңіл аурулардан да қорғана алмайды. АИТВ-инфекциясы адамдардың жеке бір әлеуметтік тобымен шектелмейді, ол жалпы популяцияға тараған және кез-келген адам вирусты жұқтыруы мүмкін.

Орталық АИТВ жұқтырғандарға және ЖИТС-пен ауыратындарға мамандандырылған амбулаториялық-емханалық медициналық көмек көрсетеді және тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді. соның нәтижесінде антиретровирустық терапияға 1414 науқас тартылды. Бұл диспансерлік есепте тұрғандардың 93 пайызын құрайды және бұл жұмыс жалғасын табады.

Онкүндік қарсаңында барлығы 285 адам ерікті түрде АИТВ-ға (ауыз қуысы сұйықтығы бойынша) немесе капиллярлық қан бойынша (яғни саусақтан қан бойынша) экспресс-тестілеуден өткен. Ал жалпы өткен 10 айы ішінде АИТВ-ға 276 699 тест өткізілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 26,3%-ға жоғары. АИТВ-ға тексерілу неғұрлым көп болған сайын жаңа жағдай да артуда. Яғни өткен он айда АИТВ-ның жаңадан 277 жағдайы анықталды. Оның 197-і ерлер қалған 80-і әйелдер.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109