888

Елордалық емханаларға 1,2 млн-нан астам адам тіркелген

"Бекітілген халық тіркелімі" порталының мәліметтері бойынша, Нұр-Сұлтан қаласының алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелеріне бекітілген қала тұрғындарының саны 1 275 277 адамды құрады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстанда емханаларға тіркелу бойынша жыл сайынғы айлық науқан 15 қарашада аяқталды. Осы кезеңде медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын 247 мың адам пайдаланды, оның 2 мыңы емханаға алғаш рет тіркелді.

"Бекіту науқанының қорытындысы бойынша, халықтың бөлінуін ескере отырып, Қор алдағы жылға арналған медициналық ұйымдарды қаржыландыру көлемін қалыптастырады. Науқан шеңберінде емхана ауысқан кезде азаматтар онда ТМККК және МӘМС бойынша көмекті 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ала алады. Осы уақытқа дейін оларға бұрынғы медициналық ұйымда қызмет көрсетіледі", – деп түсіндірді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры астаналық филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Естеріңізге сала кетейік, тіркеу науқаны – емхананы ауыстырудың жалғыз мүмкіндігі емес. Мұны жылына бір рет еркін таңдау құқығымен жасауға болады, сондай-ақ егер адам тұрақты немесе уақытша тұратын жерін, жұмыс немесе оқу орнын ауыстырса, басқа елді мекенге көшсе немесе ол тұрған емхана қайта ұйымдастырылса немесе жойылса және т. б. жағдайларға байланысты ауыстыруға болады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда қала тұрғындары емхананың анықтама қызметіне немесе Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына келесі байланыс арналарының бірі бойынша хабарласа алады: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Telegram-дағы Qoldau 24/7 және SaqtandyryBot мобильді қосымшасы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109