912

Елордада қатерлі ісіктерді емдеу әдістері туралы халықаралық конференция өтіп жатыр

Бүгін Нұр-Сұлтанда "Қатерлі ісіктерді диагностикалау мен емдеудің жоғары технологиялық әдістері" атты екі күндік халықаралық ғылыми-практикалық конференция басталды. Іс-шараны қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, "Онкологтар мен радиологтар альянсы" қоғамдық бірлестігі және елордалық Көпсалалы медициналық орталық ұйымдастырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.  

Ғылыми-практикалық конференция екі күн бойы, 25 және 26 қарашада онлайн және офлайн режимінде өткізіледі. Оған тар бейінді мамандар, оның ішінде онкологтар, маммологтар, химиотерапевтер, гинекологтар, радиологтар, урологтар, патоморфологтар, цитологтар, сәулелік диагностика дәрігерлері, скринингтер бойынша жауапты онкогематологтар қатысады.

Іс-шараның мақсаты— қатерлі ісіктерді ерте диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдері туралы онколог, химиотерапевт, радиолог, онкогинеколог, онкоуролог, онкогематолог және басқа да аралас мамандықтар дәрігерлерін хабардар ету деңгейін арттыру есебінен Қазақстан Республикасының өңірлерінде онкологиялық аурулары бар пациенттерге көмек көрсету сапасын жақсарту болып табылады.

Ұйымдастырушылар конференцияның негізгі міндетін ғылыми қоғамдастықта және практикалық денсаулық сақтауда онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу саласындағы мамандар арасындағы пәнаралық байланыстарды нығайту дейді. Іс-шараға қатысу үшін Батыс және Шығыс Еуропа, Қазақстан және ТМД елдерінің онкология саласындағы әлемдік беделі бар жетекші мамандары шақырылды. Конференция жұмысы аясында танымал ғалымдардың емдеу тактикасы мен сапасын арттыру, онкология әлемінде жаңа әзірлемелерді қолдану мәселелеріне арналған дәрістері жоспарланған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта қатерлі ісік ауру мен өлімнің ең көп таралған себептерінің бірі болып табылады. Жыл сайын бүкіл әлемде 10 миллионнан астам жаңа қатерлі ісік ауруы тіркеліп, 6 миллионнан астам адам қайтыс болады.

Қазақстанда онкологиялық аурулар халық өлімінің себептері тізімінде екінші орында тұр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109