1396

Нұр-Сұлтанда үрмелі оркестрдің полиция қызметкерлеріне арналған "Ел қорғаны" концерті өтті

Елордалық "Астана" концерт залында Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның үрмелі оркестрінің "Ел қорғаны" атты концерті өтті. Іс-шара күн сайын елорда тұрғындары мен қонақтарының тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін полиция қызметкерлері үшін ұйымдастырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Сахнада елордалық филармонияның үрмелі оркестрі өнер көрсетті, оның көркемдік жетекшісі Никита Почиталин, бас дирижері-Дархан Рахымғалиев.

Концерт полиция қызметкерлеріне мерекелік кеш сыйлау және бейбіт күнде еліміздің қауіпсіздігі үшін өз өмірін құрбан еткендерге құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

 Кеш бағдарламасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Қанат пен Светлана Айтбаевтардың, Алтынай Жорабаеваның, Медет Салықовтың, Клара Төленбаеваның, Естай Мұқашевтің, "Дарын" жастар сыйлығының лауреаттары Нұрбол Балапановтың, Алтынбек Әбілдәнің, Рухия Байдүкенованың, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Алтыншаш Мұқатаеваның, Мұратбек Хайролданың, Талғат Алабериновтың, Алтынбек Арыстанбектің, Ержан Тоқсабановтың, "Әлем" эстрадалық би ансамблінің, құрметті қарауыл ротасы және "Айналайын" балалар хоры.

Музыкалық кеш санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтай отырып өтті.

Фотолар: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109