643

Майра Ілиясова: Тұңғыш Президентіміздің өнерге қосқан үлесі, қамқорлығы ұшан-теңіз

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жайлы естеліктерімен бөлісе отырып, 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Тұңғыш Президент күні – бертін қосылған үлкен, тамаша мерекелердің бірі. Біз шынында әнші қауым осы мерекеге үлкен дайындықпен келеміз. Тұңғыш Президент күні дегенде патриоттық тақырыпта, туған жеріміз жайлы әндер жазамыз. Тұңғыш Президентіміздің өнерге қосқан үлесі, қамқорлығы ұшан-теңіз. Елбасымыз домбырада шебер ойнайды, керемет ән айтады, кейде домбыра шертіп отырып әннің сөзінен мүлт кетіп жатсаң домбыраны алып түзеп жібергенін көрдім. Әр елдің президенті өнерде жүрген қыз-жігіттердің жанына отыра қалып, ән салады деп айта алмаймын. Елбасымыздың ең керемет қасиетінің бірі – қарапайымдылығы, өнерді өте жақсы көретіні, өнерде жүрген қыз-жігіттерге жанашыр болуы», – дейді ҚР еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова.

Ол сөзін жалғай отырып, қазақстандықтарды келе жатқан 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнімен құттықтады.

«Келе жатқан мерекемен қазақстандықтарды құттықтаймын! Басшыларымыз аман болса бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарар болсақ, мемлекетіміз дүрілдеген қалпында ары қарай дамып, өсіп-өрлей береміз. Мереке құтты болсын!» – деді Майра Ілиясова.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109