1460

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: елордада «Нұр-Сұлтан-Орал» жаңа марафоны басталды

Елордада Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері алаңында «Нұр-Сұлтан-Орал» марафоны басталды. Іс-шараны «Астана Желаяғы» марафоншылар клубы» ҚБ «Қазақстан құрылысшылар одағы» РЗТБ-мен бірге ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Марафон «Nur Otan» партиясының, ҚР Президенті Әкімшілігінің, Мәдениет және спорт министрлігінің, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өтіп жатыр.

Марафонның ресми ашылу рәсіміне 6-шы шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаты, ҚР Қорғаныс министрінің кеңесшісі, генерал-лейтенант Абай Тасболатов, Ұлттық Олимпиада комитетінің спортшылар комиссиясының өкілі, Олимпиада чемпионы, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері Серік Сәпиев қатысты.

Марафон 8 күнге созылады, жалпы қашықтық 2 021 шақырымды құрайды.

Бағыт Нұр-Сұлтан – Көкшетау – Петропавл – Қостанай – Ақтөбе – Орал қалалары арқылы өтеді.

Оған 15 тәжірибелі ультрамарафон жүгірушілері қатысады.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ел тарихын еске алу және туған жерін қасық қаны қалғанша қорғаған батырлардың ерлігін еске алу және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына үлес қосқан замандастарын атап өту, сондай-ақ өскелең ұрпақтың ел алдындағы жауапкершілігін тәрбиелеуге ықпал ету.

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының маңыздылығын ашатын символ ретінде Көкшетау қаласының әкімі қабылдап, басқа облыстарға жолдайды.

Бүкіл маршрут бойы спортшылар эстафетаны тапсыра отырып, еліміздің тарихымен және Тәуелсіздігіміздің қалыптасуымен байланысты тарихи маңызды орындарда (ескерткіштер, алаңдар, өлкетану мұражайлары) жергілікті тұрғындармен кездеседі.

Бұл іс-шараларға белгілі мәдениет және спорт қайраткерлері, сондай-ақ билік өкілдері қатысады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109