1360

Нұр-Сұлтаннан 18 мың жүк көлігі қар шығарды

Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген, тәулік бойғы режимде жұмысын жалғастыруда. 26 қарашадан 27-сіне қараған түні елордадан қар полигондарына 40 мың текше метрге жуық қар шығарылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Бүгінде елордада қар жинау жұмысына 2 мыңға жуық жол жұмысшы мен 1700-ден астам арнайы техника жұмылдырылды.
26 қарашадан 27-сіне қараған түні ғана елордадан қар полигондарына 40 мың текше метрге жуық қар шығарылды.

Естеріңізге сала кетейік, қалада барлығы 4 қар полигоны, резервте тағы 6 полигон бар. Олардың әрқайсысында тәулік бойы бейнебақылау мен бақылаудың заманауи жүйесі орнатылған, ол арнайы техниканың мемлекеттік нөмірін кіру және шығу жолдарында, келу уақыты мен күнінде тіркеп тұрады. Бұл жүктің көлемі мен мазмұнын есепке алуға мүмкіндік береді.

Осылайша, полигон жұмысын тиісті бақылау ауданды санитарлық тазалауға жауапты мердігер ұйымдарды тәртіпке келтіруге және рейстерді тіркеу кезінде адами факторларды болдырмауға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, қар жауғалы бері қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде тәулік бойы жұмыс істеп келеді. Бірінші кезекте, ереже бойынша, жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кіретін жолдар және т.б. қардан тазартылады.

Қыс мезгілі басталғаннан бері қаладан 200 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 18 мың жүк көлігін құрады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109