1239

Елордада волонтерлер аязды күні қала тұрғындарына ыстық шай мен бауырсақ таратты

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері өткізіліп келе жатқан «Игі істер марафоны» аясында бүгін «Астана жастары» КММ еріктілері қала аялдамалары мен көшелерінде тоңып тұрған тұрғындарға ыстық шай мен бауырсақ тарату акциясын өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Акцияны «Астана жастары» КММ және елордалық жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырды.

Елордалық еріктілер «Шапағат» коммуналдық базарының, «Тұлпар» және «Астаналық базар» сауда үйлерінің жанындағы аялдамаларда қала тұрғындарына, жергілікті сатушыларға, сондай-ақ коммуналдық қызмет мамандарына жаңа піскен бауырсақ пен ыстық шай ұсынды.

Нұр-Сұлтанда мұндай іс-шаралар тұрақты негізде ұйымдастырылады.

«Бүгін бізде тұрғындарға, сол сияқты көшенің қарын күреп жүрген коммуналдық қызмет мамандарына шай мен бауырсақ тарату акциясы өтіп жатыр. Бұл акцияны біз бірінші рет өткізіп отырған жоқпыз, ол бізде дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін акция болып саналады. Биылғы қысқы кезеңде мұндай іс-шараларды аптасына кемінде бір рет өткізуді жоспарлап отырмыз. Ауа райын ескере отырып, бұл акция тұрғындардың көңіл-күйін көтеруге әсер етеді деп ойлаймыз. Көшеде сауда жасап тұрған сатушылар бар, біз оларға да ыстық шай ұсынамыз. Сонымен қатар, волонтерлеріміз көмекке мұқтаж адамдардың ауласының қарын күрейді. Мұндай акциялар бізде тұрақты түрде өтеді», – деді «Астана жастары» КММ жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Альфараби Аймақ.

Политехникалық колледждің 2-курс студенті Айжан Дүйсенова елордалық еріктілер қатарына жарты жыл бұрын қосылған. Ол көмекке мұқтаж жандарға әрдайым көмектескісі келетінін айтады, сондықтан ол қайырымдылық шараларына қуана қатысып тұрады.

«Бүгін «Астана жастары» еріктілері көшеде қала тұрғындарына ыстық шай мен бауырсақ таратуда. Сауабы мол мұндай іс-шараны біз ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 игі іс» акциясы аясында өткізіп отырмыз. Осылайша өзгелерді жігерлендіріп, оларға жылулық сыйлап, аязды күні көңіл-күйін көтергіміз келеді. Бұл жақсы дәстүрге айналды. Өзім волонтерлікпен жарты жылдан бері айналысып келемін. «Астана жастары» қала колледждерімен және мектептерімен ынтымақтастықта жұмыс істейді. Ал біз өзіміз қатарлы жастардың игі істерге қатысып, өзгелерге көмектесетініне қуанамыз», – деді Айжан.

Игілігі мол дәстүр қала тұрғындарын әрдайым қуанышқа бөлейді. Аязды күні ыстық шай адамның бойына жылу беріп қана қоймай, жүрегінен жылуы төгіліп тұрған мейірімді жандардың бар екенін білдіреді.

«Еріктілерімізге, жастарымызға қамқорлығы үшін алғыс білдіремін. Дала аяз, ал мұндай акциялар жанға жылу береді. Ал ыстық шай мен дәмді бауырсақ суық күнде бойға жылу береді. Жастар мен қатты қуантты, рақмет», – деп өз ойымен бөлісті елорда тұрғыны Ерхан Мырзағұлов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109