1162

Нұр-Сұлтанда жеңіл атлетикадан өткен ашық халықаралық турнирге 155 спортшы қатысты

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында елордадағы «Qazaqstan» спорт кешенінде жеңіл атлетикадан ашық халықаралық турнир өткенін мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Елбасының тапсырмасымен салынған «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешені ашылған сәттен бастап біздің спортшыларға ғана емес, балалар үшін де тартымды орталыққа айналды. Спорт кешенінің есігі баршаға ашық!

Екі күн бойы спорт кешенінде ұлдар мен қыздар арасында (2004-2005ж.) жеңіл атлетикадан ашық халықаралық турнир өтті. Біздің балалардан бөлек Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан спортшылары да қатысты. Сондай-ақ, елордаға Алматы, ШҚО, СҚО, Ақмола облысы мен Қарағандыдан балалар келді.

Қатысушылар биіктікке/ұзындыққа секіру, жүгіру, үш рет секіру, ядро итеру сияқты спорт түрлерінен бақ сынады. Барлығы 155 спортшы өз күшін сынап көрді.

Турнирдің басты мақсаты – жеңіл атлетиканы дәріптеу, спорт резервін дайындау, түрлі халықаралық жарыстарға қатысу үшін пул қалыптастыру. Турнир ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бұқаралық спортпен айналысу үшін жағдай жасауға, балалар-жасөспірімдер спорт мектептерін, спорт федерацияларын және т.б. қолдауға ерекше көңіл бөлеміз.

Қатысушыларды жеңіспен құттықтаймын! Ең бастысы мәреге бірінші болып келу емес, күн сайын еңбектену, жұмыс істеу, мақсат қойып, оған жете білу!» – деп жазды елорда әкімі.

Фотолар: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109