1378

Қар күреу жұмысы: Нұр-Сұлтанда күн сайын екі мыңнан астам жол жұмысшы жұмылдырылады

Қар жауғалы бері елордадан 200 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 18 мың жүк көлігінің көлеміне тең. Қаланың коммуналдық қызметі кешкі және түнгі уақытта күшейтілген режимде, тәулік бойы жұмыс істейді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Күн сайын елордада қар күреуге 2000-нан астам арнайы техника мен 1900-ге жуық жол жұмысшы жұмылдырылады.

Өткен тәуліктің өзінде қаладан 40 мың текше метрге жуық қар шығарылды.

Қазіргі уақытта қалада төрт қар полигоны жұмыс істейді, онда елордадан жиналған қар шығарылады. Тағы 6 полигон – резервте.

«Біз Шыңғыс Айтматов пен Ұлы дала көшелерінің қиылысында орналасқан Есіл қар полигонының аумағындамыз. Оның ауданы шамамен 20 га құрайды, полигон аумағына Есіл ауданынан, қаланың сол жағалауынан жиналған қар шығарылады. Полигондарға келгеннен кейін самосвалдардың жүргізушілері өз рейстерін автоматты түрде белгілеу арқылы тіркейді. Кіру бейнебақылау камераларымен белгіленеді, сондай-ақ көліктің нөмірі мен шанақтың толымдылығы тіркеледі», – деді учаске бастығы Жақсыбек Оразалиев.

Дәл осындай жұмыстар қаланың басқа да қар полигондарында жүргізілуде.

Бірінші кезекте, тәртіпке сәйкес жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кіретін жолдар және т.б. қардан тазартылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109