1651

Нұр-Сұлтанда республикалық STEM-олимпиадасы өтті

Нұр-Сұлтанда Қазақстанның білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушыларының қатысуымен екі күндік республикалық STEM-олимпиадасы аяқталды.

Іс-шараға еліміздің барлық өңірінен 200-ден астам оқушы қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Олимпиада қатаң санитарлық нормаларды сақтай отырып гибридті форматта өтті.

STEM - бұл техникалық білім беру саласындағы барлық соңғы жетістіктерді қамтыған инновациялық білім беру олимпиадасы. Олимпиада инженерлік робототехника, бағдарламалау, 3D модельдеу және жобалық тапсырмалар сияқты пәндерді қамтиды.
"Біз STEM олимпиадаларын өткізудің ескі дәстүрін жалғастырудамыз. Ондағы мақсат, бірінші кезекте, оқушылардың әлеуетін ашу, білімдерін кеңейту және әрқайсысын ғылымдағы, оқудағы инновациялық тәсілге шабыттандыру. Сонымен қатар, мұндай олимпиадалар Қазақстанда IT-саласын дамыту үшін іргетас қалайды. Себебі балалар-еліміздің болашағы",-деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы Цифрландыру басқармасының басшысы Ботагөз Қасабек.

Олимпиаданың бірінші күні әр қатысушы келесі пәндер бойынша есептерді шешті:

* Бағдарламалау

* 3Д модельдеу

* Робототехника бойынша "Үй тапсырмасы" байқауы, онда қатысушылар өз роботтарын жинап, оларды "Кальмар ойыны" форматында жарыстарға дайындауы тиіс.

Олимпиаданың екінші күні бір конкурстан – жобалық-инженерлік робототехникадан тұрды. Оқушылар өткізілген күні алған бірнеше мәселелерді шешуі керек еді. Екінші күннің байқауы толығымен командалық болды. Командалар ұйымдастырушылар әдісіне сәйкес кездейсоқ түрде құрылды.

"Ел Президенті халыққа Жолдауында отандық IT-секторды дамыту және күшейту қажеттігін атап өтті. Болашақта ең үздік қатысушыларды халықаралық STEM-олимпиадаларға жіберу үшін осы олимпиадалардың деңгейін көтеру біздің жоспарымызда тұр. Осылайша, балалардың IT саласына деген қызығушылығын арттыру керек", - деді "Астана Innovations" АҚ атқарушы директоры Жасұлан Кенжеғалиев.

IT-іс-шара барысында оқушылардың нәтижелерімен Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов танысты, онда оқушылар қондырғы мен робототехниканың қалай жұмыс істейтінін көрсетті.

Олимпиада қорытындысы бойынша ұйымдастырушылар мен серіктестерден 14 жеңімпаз Playstation 5, ойын лэптопы, GoPro, планшеттер, ұялы телефондар және кинокуб сыйлықтары ретінде марапатталды. Қатысушылар ынталандыру сыйлығы ретінде Ардуино робототехника жиынтығын алды.

Бас жүлдені Қарағанды облысының оқушысы Алмаз Асанәлі жеңіп алды, елордалық оқушылар Сәрсеке Еділ мен Божанов Алдияр 1 және 2 орынға ие болды. Сондай-ақ, 2 орынды Алматыдан келген Балғабай Шыңғысбек иеленді. 3 орынды Қарағанды және Павлодар облыстарының оқушылары - Сабдалы Еділ және Елтай Айдар иеленді.

"Бізде балалардың білімін тексеру мақсаты жоқ. Олимпиада кезінде қатысушылар интернетті пайдаланады. Ең бастысы, бала сол білімді қалай пайдалана алады. Білімді бизнесте қолдану дағдысы- сол ең маңыздысы. STEM-олимпиадада біз бірінші кезекте мәселені шешудің емес, оны шешудің жолын қолдаймыз", - деп атап өтті STEM Academia әзірлеу жөніндегі директоры Мағжан Қыстаубаев.

Ұйымдастырушылар STEM-олимпиадалар ҚР БҒМ республикалық олимпиадаларының тізіліміне енеді деп үміттенеді, содан кейін жеңімпаздар бағалы сыйлықтарды ғана емес, сонымен қатар еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында белгілі бір мамандықтарға гранттар алатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, STEM олимпиадасы 2018 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді. 4 жыл ішінде іріктеу мен олимпиаданың финалдық кезеңіне Қазақстанның түкпір-түкпірінен 14000-нан астам оқушы қатысты.

Екі күндік олимпиаданы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, "Астана Innovations" АҚ, "Stem Academia" халықаралық ғылыми-өндірістік орталығы және Stem school Quantum ұйымдастырды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109