991

Нұр-Сұлтанда аула клубтары арасында көңілді жарыстар өтті

Нұр-Сұлтан қаласында Тұңғыш Президент күніне орай аула клубтары арасында «Әке, ана және мен» отбасылық көңілді старттар жарысы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Көңілді старттарға аула клубтарынан 10-нан астам отбасылық команда қатысты.

«Астана Жастары» КММ және «Astana Art Group» ЖШС ұйымдастырған мерекелік іс-шарада 7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар аналары мен әкелерімен бірге сегіз сайыста бақ сынады. Барлығы 10-нан астам отбасылық команда қатысты.

Нәтижесінде «Жас барыс» аула клубынан шыққан Шәріповтар отбасы бас жүлдені жеңіп алды. Екінші орынды «Есіл» аула клубының өкілдері Рүстем Әлімусыновтың отбасы иеленді. Үздік үштікті «Алан» аула клубынан шыққан Ғазиз Бекболатов отбасы командасы қорытындылады.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктармен, медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, жарыстың ең жас қатысушысы ретінде «Үркер» аула клубынан бес жасар Альбари Игембердиев арнайы жүлдеге ие болды.

Көңілді жарыстарға белсенді қатысқаны үшін «Армандастар», «Шағала», «Астана», «Самғау», «Үркер», «Жас қанат» және т.б. аула клубтары демеушілер тарапынан арнайы сыйлықтармен марапатталды.

«Бүгін өте қызықты жарыстар өтті. Ең бастысы – біз балаларымызбен бірге ойнап, көңіл көтердік. Бұл ең алдымен денсаулықты нығайтуға пайдалы болса, екіншіден отбасылық ынтымақты арттырады. Осындай мағыналы да қызықты жарысты ұйымдастырушыларға алғыс айтамын. Ата-аналарды, балаларды, сондай-ақ барша қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын! Елімізде амандық болып, балаларымыз осындай қызықты әрі пайдалы іс-шараларға қатыса берсін», - дейді мерекелік жарыста мерейі үстем болған Ерлан Шәріпов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109