867

Нұр-Сұлтанда ҚХА жанында ресурстық орталық пен сараптамалық кеңес ашылады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы арқылы елорда тұрғындарына көмек көрсету бойынша әлеуметтік орталықтар саны көбейетінін айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Қала тұрғындарына, оның ішінде NEET санатындағы жастарға (жұмыссыздар қатарына жататын) нақты көмек көрсетуге, қайырымдылық желісі бойынша жұмысты күшейтуге, еріктілерге қолдау көрсетуге бағытталған әлеуметтік орталықтар санын кеңейту жалғасып жатыр. Осы маңызды әрі ауқымды жұмыста бізге Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері көмектеседі. ҚХА кеңесінде Мемлекет басшысы басымдықтарды белгіледі. ҚХА мүшелерімен алдағы жұмыс жоспарын талқыладық. Олардың кейбіріне тоқталып өтейін.

Бірінші. NEET санатындағы жастармен жұмысты күшейту

ҚХА базасында түрлі санаттарға: тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыларға, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарға да, жастарға да көмектесетін түрлі әлеуметтік орталықтар табысты жұмыс істеуде. Осы бағытта NEET (жұмыссыздар) санатымен жұмысты күшейтеміз – қосымша білім алуға, жұмысқа орналасуға және т.б. көмек көрсетеміз.

Екінші. Орталықтарды кеңейту

Достық үйінің базасында «Жыр орталығы», «Парасат» қайырымдылық қызметін үйлестіру, «Аналар аманаты» қолөнер шығармашылығы, жастарға арналған коворкинг-орталығы және т.б. жұмыс істейді. ҚХА-ның тиімді жұмысы үшін Президенттің тапсырмасы бойынша этно-мәдени бірлестіктердің әлеуетін одан әрі дамытуға және ҚХА-ны қоғамдық қалыптастыруға жәрдемдесетін ресурстық орталық пен сараптамалық кеңес ашамыз.

Сондай-ақ, мемлекеттік тілді, мәдениетті, дәстүрді үйренуге жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді. ҚХА жанында 600-ден астам оқушы білім алатын этнолингвистикалық мектептер жұмыс істейді.

Үшінші. Әлеуметтік, тұрмыстық және басқа да жанжалдардың алдын алу

ҚХА базасында медиация орталығы жұмыс істейді. Жылына орта есеппен 100-ден астам адамға және ұжымдарға көмек көрсетіледі, бұл істі сотқа жеткізбей шешуге болады. Осы бағыттағы жұмыс ары қарай да күшейтіледі.

Достық үйінде ҚХА еріктілер қозғалысы орталығы жұмыс істейді. Еріктілер, әсіресе пандемия кезінде, қала тұрғындарына таптырмас көмек көрсетті: дәрі-дәрмектер тасымалдады, қоғамдық орындарда бетперде таратты, халыққа санитарлық нормаларды сақтаудың қажеттілігі мен маңыздылығы туралы түсіндірді және ары қарай да жалғастыруда.

ҚХА мүшелері ортақ құндылықтарымызды ілгерілету жөніндегі белсенді әрі маңызды жұмысымен халықтың бірлігін көрсетеді.

Елбасы атап өткендей, «халық бірлігінің негізі – біздің бірегей ұлттық кодымыз», - деп жазды елорда әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109