964

Нұр-Сұлтанда офтальмохирургия бойынша халықаралық мастер-класс басталды

Нұр-Сұлтанда 30 қараша мен 3 желтоқсан аралығында белгілі жетекші мамандар қазақстандық дәрігерлерге "Кератопластиканың заманауи аспектілері" тақырыбында мастер-класс өткізеді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

Төрт күн бойы офтальмология саласындағы мамандарымыз көздің мөлдір қабығын ауыстырып салу бойынша операцияның инновациялық әдістерін оқиды. Бұл іс-шара алғаш рет қалалық медициналық ұйымдардың базасында өтуде.

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің, сондай-ақ шетелден келген қонақтардың (LEITR компаниясы, Тампа, Флорида, АҚШ), оның ішінде американдық офтальмохирургтердің қатысуымен халықаралық конференцияның ресми ашылуы өтті.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов шараны ұйымдастырушылар мен қатысушыларды құттықтап, елордалық клиникалар базасында осындай іс-шараны өткізудің маңыздылығын атап өтті.

"Әрбір көз ауруы нақты және уақтылы емдеуді қажет етеді. Денсаулықты нығайту, алдын-алу, емдеу және оңалтуды қамтитын бірқатар тиімді араласу шаралары бар. Бүгінгі конференцияның арқасында кератопластика бағдарламасын қалпына келтіру жөніндегі бірлескен күш - жігер біздің дәрігерлерге осы саладағы өз дағдыларын арттыруға, одан да білікті, сұранысқа ие болуға және осы проблеманы шешуге өз үлесін қосуға мүмкіндік береді деп үміттенемін", - деп мәлімдеді Тимур Мұратов.

Мастер-класс өткізудің негізгі мақсаты қазақстандық дәрігерлердің біліктілігін арттыру болып табылады.

Іс-шара шеңберінде мүйізгек соқырлығы бар пациенттерге көруді қалпына келтірудің жалғыз әдісі болып табылатын мөлдір қабықты ауыстырып салу бойынша операция жасалатын болады. Яғни, бұл хирургиялық араласу емдеу практикасына инновациялық әдісті енгізу болып табылады.

Симпозиуммен шеберлік сабағын LEITR Клиникалық және инновациялық даму жетекшісі Эрик Абдуллаев, MD, MBA, CEBT және LEITR медициналық директоры Бенджамин Ламбрайт, MD-мен бірлесіп өткізеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109