1046

Нұр-Сұлтанда ЖРВИ-мен ауыратын науқастар саны артқаны байқалады

Эпидемиялық маусым басталғаннан бері елордада ЖРВИ-дің 44 мыңнан астам жағдайы тіркелді. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Эпидемиялық маусым басталғалы бері ЖРВИ ауруының 44 392 жағдайы тіркелді, оның ішінде А типті тұмаудың 32 жағдайы, сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 3748-ді құрады, бұл өткен жылғы ұқсас кезеңнің көрсеткішінен (1.10.2020 ж. – 1.12.2020 ж. дейін) 6,4 есе жоғары.

«14 жасқа дейінгі балалар инфекцияға көбірек ұшырайды, бұл барлық жағдайдың 60,8%-ын құрайды. 1 жасқа дейінгі ауырған балалардың үлесі 6%-ды, жүкті әйелдердің үлесі 3,3%-ды құрайды. Балалар арасында ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Бұл мектептерде, ООО-ларда (арнаулы орта оқу орындары), ЖОО-ларда оқу жылының басталуымен тікелей байланысты. Жалпы, ЖРВИ-мен ауыратындардың 27,8%-ы – мектеп оқушылары, 16,2%-ы – балалар, 7%-ы – студенттер», – деді елорда санитарлық дәрігері.

Қазіргі эпидемиялық маусымда қаланың 170 мыңнан астам тұрғыны тұмауға қарсы вакцинациямен қамтылды, оның ішінде жергілікті бюджет есебінен 160 мың адам егілді. Қазіргі уақытта төрт медициналық ұйымда («Open clinik» МО, «Интертич Астана медициналық Ассистанс» МО, «Medical Аssistance Group» МО, «Архимедес Қазақстан-Астана» МО) «Гриппол плюс» инактивтендірілген вакцинасымен (Ресей), сондай-ақ «Инфлювак» препаратымен (Нидерланд) ақылы негізде егуге болатын вакцинация кабинеттері жұмысын жалғастыруда.

Тұмаудан ең жақсы қорғаныс – иммундау, сондықтан алдын алу мақсатында азаматтарды вакцинациялауға шақырылады. Сол сияқты мынадай шараларды сақтау ұсынылады:

- адам көп жиналатын жерлерде және қоғамдық көлікте болу уақытын шектеу;

- адам көп жиналатын жерлерде маска тағу;

- аурудың белгілері бар адамдармен тығыз байланыста болудан аулақ болу;

- қолды сабынмен жуу, құрамында спирт бар, дезинфекциялық майлықтармен өңдеу;

- әлеуметтік қашықтықты сақтау;

- мұрын қуысын тұзды ерітіндімен ылғалдандыру немесе даладан келгеннен кейін тұзды ерітіндімен шаю, оксолин майын қолдану және дәрумендер пайдалану.

Ауру белгілері пайда болған жағдайда асқынулардың алдын алу үшін уақытылы медициналық көмекке жүгіну керек, сонымен қатар инфекция айналасындағы жұрт пен туыстар арасында таралуын тоқтату үшін сақтық шараларын толықтай сақтау керек.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109