1149

Елордалық Достық үйінде мұқтаж жандарға азық-түлік себеттері таратылды

Бүгін Тұңғыш Президент күні және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордалық Достық үйінде қайырымдылық акциясы өтті, оның аясында мұқтаж жандарға арналған 56 азық-түлік себеті таратылды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты. 

Азық-түлік себеттерін жалғызбасты аналар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көп балалы және аз қамтылған отбасылар алды. Бір себетке ең қажетті тауарлар кіреді: жарма, шай, макарон, күнбағыс майы және т.б.

"Бүгін Тұңғыш Президент күні, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясы халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталған кезекті қайырымдылық акциясын өткізуде. Ассамблеяның қайырымдылық акциялары үнемі өткізіліп тұратынын атап өткім келеді, сонымен қатар Елбасы сессияларының бірінде Ассамблеяның өңірлер бойынша қайырымдылық қызметін үйлестіруші болуын тапсырды", - деді Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Құсайынова.

Оның айтуынша, Достық үйінің қайырымдылық қызметін үйлестіру орталығы әр бірлестіктен көмекке мұқтаж адамдар туралы барлық мәліметтерді жинайды.

"Біздің тұрақты патронатымызда бірнеше отбасы бар. Мысалы, біз төрт жыл бұрын өз қамқорлығымызға алған Темірлан бала БЦП диагнозымен дүниеге келді. Анасы бізден Ресейдегі операциялары үшін қажетті соманы жинауға көмек сұрады. Кез келген сәтте оның дамуы тоқтап қалуы және оны мүгедектікке душар болуы мүмкін еді. Біздің көмегімізбен операция жасалды. Бала сөйлей бастады, аяғына тұрды. Біз баланың өмірін бақылап, үнемі қолдау көрсетеміз. Бізде осындай бірнеше отбасы бар. Көбісі көмек сұрауға ұялады, бірақ біз қоңырау шалып, қандай көмек керек екенін сұрап тұрамыз", - деді ол.

Қайырымдылық акциясы аясында 56 отбасы 480 мың теңгеге азық-түлік себетін алды. Айта кету керек, өткен жылы елордалық Ассамблея 50 млн теңгеден астам сомаға қайырымдылық көмек көрсетті, бүгінгі таңда - 35 млн теңгеге.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басында жарияланған "30 игі іс" шарасы аясында қалалық Ассамблея "Жүректі жылытар мейірімділік", "Достық – мейірімділік әлемі"," "Жылы жүрек, жақсы тілек", "Қазақстан – берекелі шаңырақ", "Аяла" сияқты 47 қайырымдылық акциясын өткізді. Акция аясында 5 850 адамға көмек көрсетілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109