1626

Нұр-Сұлтанда Алматы мен Сарыарқа аудандары газбен қамтамасыз етілді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында елорданың екі ауданы газбен қамтамасыз етілгенін айта келе, қаланы газдандыру барысы қалай жүріп жатқаны туралы айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Алматы мен Сарыарқа аудандары толықтай газбен қамтылды. ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-мен бірлесе газ тарату желілері Интернациональный, Мичурино және Күйгенжар елді мекендеріне жүргізілді.

Газға көшудің артықшылықтары көп. Газ қолданыста ыңғайлы, экологиялық тұрғыда таза әрі қауіпсіз. Бүгін газға көшкен бірқатар елді мекеннің тұрғындарымен кездестік. Орташа есеппен алғанда олар 20-60 тонна көмір жұмсап келген. Үйлер газға қаншалықты көп қосылса, қала атмосферасына зиянды заттардың шығындысы соғұрлым азаяды.

Қазіргі қалада 1,5 мыңнан астам отбасы газға көшті. Осының есебінен кемінде 20 мың тонна көмір жағылмай отыр. Сондай-ақ, барлық су жылыту қазандықтары ЖЭО-1 және ЖЭО-2-ге газға ауыстырылды. Бұл шаралар қала экологиясына жағымды әсер етеді. Сонымен қатар, тағы 4 мың 600 отбасы техникалық мүмкіндікке ие болды.

Бұған дейін Көктал-1, Көктал-2, Теміржолшылар, Промышленный, Агроқалашық, Оңтүстік-Шығыс елді мекендерінің тұрғындары газға көшу мүмкіндігін алды. 650 км-ден астам газ тарату желісі салынды.

Газдандыру – Елбасының тарихи жобасы, үш кезеңнен тұрады. Жобаны жүзеге асыра бастаған сәттен бастап әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға газға көшуге көмектесу үшін көмек көрсетіліп келеді. Басты критерий – басқа тұрғын үйдің болмауы және төрт ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы (153 872 теңге). Бұл санаттарға 90 АЕК мөлшерінде ақшалай көмек бөлеміз – бұл 260 мың теңгеден астам қаражатты құрайды. Әлеуметтік көмектің осы түрін алуға өтінімді egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы қалдыруға болады.

Газдандыру процесі Мемлекет басшысының тікелей бақылауында», – деп жазды елорда әкімі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109