1004

Нұр-Сұлтанда «Елбасы – ел тірегі» атты концерт өтті

Нұр-Сұлтан қаласында Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясына қарасты Қазақ оркестрі Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы – ел тірегі» атты концерт өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Оркестрдің көркемдік жетекшісі және Бас дирижёрі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, профессор – Айтқали Жайымов. Дирижёрлар – мәдениет қайраткері – Нұрлан Бекенов, республикалық байқаулардың лауреаты – Әлішер Қасқырбай.

«Бүгінгі концертіміз Тұңғыш Президентімізге арналады. Бұл концертте қазіргі заманғы композиторлардың шығармалары қойылды. Оған филармониямыздың белгілі әншілері мен күйшілері қатысты. Концертіміздің ерекшелігі – Тұңғыш Президент күніне орай өткендіктен Елбасымызға арналған туындылар қойылды. Оның ішінде Айтбай Мырзахановтың «Нұраға» атты күйін ерекше атап өткен жөн. Сол сияқты биылғы егемендігіміздің 30 жылдығына байланысты «Қазақстан», «Қазақ елі», «Айналдым елім», сол сияқты белгілі композиторлардың шығармалары орындалды», – дейді Мемлекеттік академиялық филармониясына қарасты Қазақ оркестрінің дирижері Нұрлан Бекенов.

Мәдениет және өнер қайраткері Жанар Қасымова өз сөзінде халқымыздың тарихынан, қазақ елінің қалыптасу жолынан сыр шертетін шығармалар қойылғанын айрықша атап өтті.

Кеш Тәуелсіздікпен қатар келген Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай көрермен қауымға мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін ұйымдастырылды. Кеште Қазақ оркестрімен бірге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері – Арайлым Рахымқызы, Естай Мұқашев, Анар Мұздаханова, Орынбай Дүйсен, сол сияқты мәдениет саласының үздіктері – Жанар Қасымова, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары – Данияр Мұқан, Талғат Аллаберинов өнер көрсетті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109