1497

Елордада қысқы спорт маусымы ресми түрде ашылды

Бүгін Нұр-Сұлтандағы шаңғы роллер трассасының аумағында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, сондай-ақ ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған қысқы спорт маусымының туы салтанатты түрде көтерілді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Маусымның ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев қатысты.

Әуесқой шаңғы жарысын Самат Ерғалиев ашты, ол қатысушылармен бірге бір километрді жүріп өтті. Сонымен қатар, шара аясында еліміздің 17 қаласымен телекөпір ұйымдастырылды.

«Бүгін елімізде қысқы маусымның ашылуы еліміздің Тұңғыш Президентінің мерекесімен тұспа-тұс келеді. Баршаңызды осы айтулы күнмен және Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтаймын! Елімізде бұқаралық спорт қарқынды дамып келеді. Бұл бізді қуантады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға ерекше назар аударды. Пандемия кезінде денсаулықты нығайту үшін дәл осы бағытты дамыту маңызды», – деп атап өтті іс-шараны ашқан Ақтоты Райымқұлова.

Сондай-ақ, іс-шара аясында шаңғы жарысы, гір көтеру, армрестлинг, арқан тарту және белбеу күресі сияқты спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Елордада ауа райына қарамастан, жарысқа 600-ге жуық адам жиналды. Ал түрлі санаттағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Бүгін біз отбасымызбен қысқы маусымның ашылуын көруге келдік. Бүгінгі күн райының қолайлы болғанына қарамастан жарыстар санитарлық нормаларға сәйкес өткізіледі. Іс-шара өте керемет, жоғары деңгейде өтіп жатыр. Бұл жарысқа менің немерем қатысады. Барлық қатысушыларға, соның ішінде шаңғы жарысына қатысқан немереме сәттілік тілеймін! Баршаңызды Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын», – деді елорда Жанғабыл Күптенов.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған шара санитарлық нормаларды сақтай отырып өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109