1377

Нұр-Сұлтанда «Шәмші» мюзиклі қойылды

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрында Мәдениет басқармасының қолдауымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Шәмші» мюзиклі қойылды. Оған арнайы қонақ ретінде қалалық «Мамандырылған балалар үйі» МКМ­і ұжымының қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Әйгілі қазақ композиторының өмірі мен шығармашылығынан көрініс беретін «Шәмші» мюзиклі белгілі тұлғаның күрескерлік, ғашықтық және композиторлық қырларын паш етті. Қойылым алдында Музыкалық жас көрермен театрының директоры Асхат Маемиров жүрекжарды лебізін білдіріп, келген қонақтарды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңындағы үлкен мереке – Тұңғыш Президент – Елбасы күнімен құттықтады.

«Тәуелсіздік – ата-бабамыздың сан ғасырлар бойы аңсаған арманы, бабаларымыздың аманаты. Ал Тәуелсіздік туралы айтқанда ең алдымен Елбасымыз ойымызға оралады. Елбасы мен Тәуелсіздік егіз ұғым. 30 жылдығын атап өткелі жатқан мемлекетімізді төрткүл дүние танып жатса, оған тарихи тұрғыда да, саяси тұрғыда да Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының сіңірген еңбегі орасан зор. Шекарамызды шегендеп, біртұтас үлкен мемлекетке айналдық.

Бүгін сіздер Шәмші қойылымына куә боласыздар. Қазақтың ұлан-ғайыр кеңістігі Шәмшінің әндерімен тербеліп тұрады. Шәмші ән арнамаған елімізде өлке жоқ. Тіпті, біздің мемлекеттік әнұранымыздың авторларының бірі. Бүгінгі қойылым вокалдық инструменталды аспаптардың сүйемелдеуімен қойылады, ал әндер жанды дауыста айтылады. Шәмшінің рухани кеңістігіне бірге саяхаттап қайтайық. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Мереке құтты болсын!» – деді театр директоры Асхат Маемиров қойылым алдында.

Спектакль барысында орындалған Шәмші әндерінің әрқайсысы – автордың бір-бір ойы, өмірінде кездескен әр алуан оқиғасы. Әнге айналған тұлғаның әсерлі әлемі көрерменнің көңілін баурап, жүрек түкпіріндегі мейірімі мен махаббатын қозғап, ақыл-парасатпен апталған адамгершілік сынды асыл қасиеттерін оятты.

Қойылымды тамашалағаннан кейін Нұр­Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ­і ұжымы атынан мекеме директоры Сәуле Кенжетайқызы мереке қарсанында ерекше сезім мен қуаныш сыйлап, көрсеткен ыстық ықыласы мен конақжайлығы үшін алғыс білдіріп, театр директоры Асхат Маемировқа алғыс хат табыстады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109