1325

Нұр-Сұлтанда МИБ-ке көшу бойынша қандай жұмыстар атқарылуда?

Бүгінде елордада басқарудың жаңа нысанына – Мүлік иелерінің бірлестігі немесе жай серіктестікке өтуге жататын 2859 көппәтерлі тұрғын үй бар. Қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Дархан Құлбаев бұл жұмыстың қалай жүргізіліп жатқаны туралы онлайн брифингте айтып берді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.  

Дархан Құлбаев Қазақстанда "бір үй-бір бірлестік-бір шот" қағидаты бойынша ақша қаражатын жұмсаудың ашықтығына ықпал ететін мүлік иелері бірлестігі институтын енгізу бойынша реформа іске асырылып жатқанын еске салды.

"Бүгінде елордада 3097 көп пәтерлі тұрғын үй (КПТҮ) бар. Оның ішінде 2 859 КПТҮ МИБ-ке немесе ЖС өтуге жатады. Қалған 238 КПТҮ ведомстволық, авариялық және басқа үйлерге жатады, оларда МИБ немесе ЖС құру мүмкін емес. 2020 жылдың басынан бастап қала әкімдігі аталған реформаны іске асыру бойынша іс - шараларды белсенді жүргізуде", - деп түсіндірді спикер.

Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін елордада "Тұрғын үй орталығы" жұмыс істейді, онда тұрғын үй саласына қатысты барлық сұрақтарға жауап алуға болады. Сондай-ақ, орталықтандырылған кеңес беру және МИБ-ке көшу үшін "МИБ орталығы" құрылды. Ашылған сәттен бастап орталыққа тұрғындардан 4,5 мың өтініш келіп түсті. Тұрғындар iKomek109 қызметіне хабарласып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алады.

"Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының, аудан әкімі аппараттарының, қызмет көрсететін ұйымдар қауымдастықтарының және белсенді тұрғындардың қызметкерлерінен тұратын мобильді топ ұйымдастырылды, оның мақсаты халыққа түсіндіру, кеңес беру, сондай-ақ әділет органдарында МИБ-ті тіркеуге дейін көмектесу болып табылады.

Бекітілген жиналыс кестесі негізінде 4 аудан бойынша елорда тұрғындарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жиналыс барысында тұрғындарға тұрғын үй заңнамасының нормалары, кондоминиум объектісін басқарудың осы нысандарының біріне көшу тәртібі түсіндіріледі", - деп хабарлады бейінді басқарма басшысының орынбасары.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша қазіргі уақытта 560 КПТҮ-де 434 МИБ құрылды. Олардың көпшілігі өздерін жақсы көрсетті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109