1287

Елордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған үздік журналистік жұмыстар анықталды

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Нұр-Сұлтанда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріндегі ҮЕҰ рөлі» форумы өтті. Іс-шара аясында БАҚ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал ететін үздік журналистік жұмыстар туралы конкурстың қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

2021 жылғы 1 қарашадан бастап бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арасында Нұр-Сұлтан қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері, азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін көтеру, қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыратыруға бағытталған ең үздік журналистік жұмысты анықтау мақсатында байқау жарияланды.

Байқауға Нұр-Сұлтан қаласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру мәселелерін жариялайтын журналистер қатысуға мүмкіндік алды. Бұл ретте осы жылдың 1 қаңтарынан 1 қарашасына дейінгі кезеңде жарияланған материалдар, оның ішінде бағдарламалар, деректі фильмдер, студиялық жазбалар, мақалалар, сұхбаттар қабылданды.

Өтінімдерді арнайы құрылған комиссия қарады, оның құрамына мемлекеттік органдардың, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері кірді.

Жеңімпаздар бірнеше аталым бойынша анықталды.

«Үздік репортаж» номинациясын Дарын Сағитов, («Qazaqstan» ҰТРК), «Ақпарат порталдарындағы үздік жарияланым» аталымын Гүлжан Раманқұлова, («Baq.kz»), «Баспа басылымдарындағы үздік аналитикалық материал» номинациясын Төлен Тілеубай, («Астана ақшамы» газеті) жеңіп алды.

Бұдан бөлек ынталандыру сыйлығы 50 000 теңгеге техника алуға арналған сертификаттар Жадыра Мүслім («Айқын» газеті), Тимур Қазағұлов («Хабар» ТРК), Абылайхан Жұмашев, («Айқын») марапатталды.
Жеңімпаздарға 250 000 теңге көлемінде ақшалай сертификат және диплом табысталады.

Сонымен қатар, форум аясында Нұр-Сұлтан қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға үлес қосқан белсенді азаматтар, ҮЕҰ және мемлекеттік органдардың өкілдері марапатталды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109