1888

Тұмау: дәрігер жұқпалы аурудан қалай қорғауға болатыны туралы ұсыныстар берді

Биыл тұмау ересектерде де, балаларда да қиын жағдайда өтуі мүмкін, дейді елордалық мамандар. №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Роза Өтегенова тұмаудан иммунитетті қалай қорғауға болатыны туралы кеңестер берді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

«Тұмау ауруының өршуі күзгі-қысқы айларға тән. Қазіргі уақытта тұмау және жедел вирустық инфекция маусымы басталады, ол бұрынғыға қарағанда ауыр. Бұл кез келген жастағы адам ауырып қалуы мүмкін вирустық ауру, ол адамның өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіреді», - дейді жоғары санатты дәрігер.

Ол көптеген адам интернетте осы тақырып бойынша түрлі материалдарды оқып, сол жолмен өзін-өзі емдейтінін атап өтті. Роза Өтегенованың айтуынша дұрыс емделмеген жағдайда ауру жылдам өршуі мүмкін. Ал асқынған ауруды емдеу қиынға түседі.

«Елорда тұрғындары арасында тұмаудың алдын алу шараларын үнемі жүргізіп отырамыз. Тұмаудың алдын алудың жалғыз тиімді әдісі – вакцинация. Ауырған кезде өз бетімен емделуге болмайды. Науқас міндетті түрде дәрігерді үйіне шақыруы керек. Дәрігердің қарауынан кейін тағайындалған емдеу шараларын ғана қолдану қажет. Артроз аурудың басында жедел емдеу кезінде көкжөтел және т.б. сияқты асқынуларға әкелмейді, егер елорда тұрғындары көбірек вакцинация алса, тұмау ауруы төмендейді», - дейді педиатр.

Сондай-ақ, дәрігер коронавирус ауруы мен тұмау арасындағы айырмашылықты түсіндірді.

«Тұмаумен ауыратын науқаста дене температурасы 38-39 градусқа дейін көтеріледі. Әлсіздік, мұрынның бітелуі пайда болады. Ал коронавирус кезінде температура қатты көтерілмейді және шамамен 37 градус деңгейінде сақталады. Әлсіздік басым болады. Егер температура үш күн ішінде төмендемесе, әлсіздік жалғасады, дәм мен иіс сезу жоғалады, сонымен қатар тыныс алу мен жөтел пайда болады, бұл коронавирустың белгілері», - деп түсіндірді №3 МҚМ директорының орынбасары.

Роза Өтегенованың айтуынша, тұмауға қарсы вакцинацияланған адамдар вирус жұқтырмауы мүмкін.

Дәрігер сонымен қатар COVID-19 жұқтырған және аурудан айықпаған науқастарға тұмау кезінде абай болуды кеңес етті.

Спикер тұмаудан қорғану туралы қарапайым, бірақ құнды кеңестер берді:

- таза ауада жиі серуендеу. Тыныс алуды реттеу өкпеге ауа баруын арттырады, қанайналым жүйесін жақсартады;

- жеке гигиенаны сақтау, қолды сабынмен және спирт негізіндегі құралдармен жиі жуу;

- үй мен жұмыс орнын үнемі желдету;

- «С» витамині бар өнімдерді (лимон, бал, таңқурай және т.б.) тамаққа пайдалану;

- дене шынықтырумен, спортпен айналысу.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109