1661

Нұр-Сұлтанда автомобиль көпірлері салынып жатыр

Нұр-Сұлтанда екі автомобиль көпірінің құрылысы жүріп жатыр. Елорда әкімі Алтай Көлгінов ОКҚ брифингінде көпір құрылысы мен жол жұмыстары туралы айтып берді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

"Мемлекет басшысы елордада көпірлер мен көлік жолайрықтарын салудың маңыздылығын атап өтті. Қараша айында Есіл өзені арқылы Тәуелсіздік даңғылындағы көпірдің құрылысы басталды. Бұрын құрылыс мерзімдерін кешіктірген сот процестері болған. Қазіргі уақытта барлық процедуралық сәттер шешіліп, көпір құрылысы басталды. Бұл көпір Тәуелсіздік даңғылы, жаңа теміржол вокзалы ауданы, Хазірет Сұлтан мешітінің ауданы, Қошқарбаев даңғылы, Нәжімеденов көшесі, Байтұрсынов көшесі, Қордай көшесі, Айнакөл көшесі, Момышұлы даңғылының сол жағалауымен қосымша байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мәселен, Тәуелсіздік даңғылындағы көпір пайдалануға берілгеннен кейін Мәңгілік ел даңғылындағы жүктеменің 20% - ға дейін төмендеуін болжап отырмыз. Бұл көпірдің құрылысын 2023 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз", - деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.

Сонымен қатар, елорда әкімі Ұлы дала даңғылында көпір салынып жатқанын атап өтті. Оң және сол жағалауды жалғайтын көпір Мәңгілік ел даңғылының, Ж.Нәжімеденов, А. Байтұрсынов, Р. Қошқарбаев көшелерінің, Nova city ауданының, "Мыңжылдық" аллеясының жүктемесін азайтады. Жаңа "Нұрлы жол" вокзалының, Тельман тұрғын алабының, Метро гипермаркеті ауданының, Промышленный тұрғын алабының, Жұмабаев даңғылының, Жүргенов көшесінің және т. б. қолжетімділігін арттырады.

Сонымен қатар, биыл және өткен жылы елордада 300 көше салынды және жөнделді. Олардың жартысынан көбі тұрғын үй алаптарында. Сондай-ақ, жаңа бағыттар, автобус жолақтары іске қосылды, автобус паркі жаңартылуда. Мұның бәрі қала тұрғындарына қала ішінде ыңғайлы жүруге, жол уақытын қысқартуға және қаланы мобильді етуге мүмкіндік береді.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109