970

Елордада жыл басынан бері iQala порталы арқылы коммуналдық қызметтерді алуға 35 мың өтініш берілді

IQala қалалық қызметтер орталығы бүгінде елорданың 10 коммуналдық қызметінің 152 қызметін біріктіреді. Қызметтер "бір терезе" қағидаты бойынша көрсетіледі, сондай-ақ азаматтар iqala.kz порталында кез келгені күні және уақытта онлайн өтінім бере алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Осы жылдың басынан бері iQala орталығы елорданың коммуналдық қызметтеріне қатысты 140 мың қызмет көрсетті, оның ішінде 35 мың өтініш iqala.kz порталы арқылы берілді.

Орталық жұмысының арқасында коммуналдық қызметтермен шарттарды ресімдеу процесі бір айдан жарты сағатқа дейін қысқарды.

Мысалы, жылжымайтын мүлікті сатып алғаннан кейін шарттарды ресімдеуге өтінімді үйден шықпай-ақ беруге болады.

Ол үшін порталда ЭЦҚ арқылы авторизация қажет. Қызметтерді өңдеу мерзімі реттеледі. Шарттар дайын болғаннан кейін тұтынушының мобильді нөміріне SMS-хабарлама келеді.

IQala орталығында Р.Қошқарбаев даңғылы, 29 мекенжайында орналасқан фронт-офис бар. Фронт-офис "бір терезе" қағидаты бойынша жұмыс істейді. Орталық жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетеді. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі.

Бүгінде "Қазақтелеком", Clean City NC, "Астанаэнергосбыт", Elorda Eco System, SPK Development, "Астана-АЭК", "Астана Теплотранзит", "Астана ЕРЦ", "Астана Су Арнасы" қызметтері цифрландырылған. Орталық елорданың қалған коммуналдық қызметтерінің қызметтерін цифрландыруды жоспарлап отыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109