1021

«Өзгелердің қателігін қайталамаңыздар» – елорда әкімі драма театрды жөндеуге кіріскен мердігерлерге ескерту жасады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау келесі жылдың соңына жоспарланғанын мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының сахнасында мыңдаған қойылымдар қойылды, онда театр актерлерінің бірнеше ұрпағы шыңдалып шықты. Бұл театр — еліміздегі ең көне мәдени мекемелердің бірі. 1899 жылы құрылған.

Бұл шынымен де өзіндік тарихы бар ерекше орын. Бірақ, әрине, театр ескіріп, күрделі жөндеуді қажет етті.

Жөндеу жұмыстары 2018 жылы басталғанына қарамастан әлі де аяқталған жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа жол берілді, оның ішінде мердігер тарапынан заңбұзушылықтар болды. Олардың салғырттығынан театр қызметкерлерінің өздері, көрермендер зардап шекті. Қазіргі уақытта сот рәсімдері толығымен аяқталды. Жаңа мердігер анықталды, оған өзгелердің қателігін қайталамау тапсырылды.

Осылайша, тарихи ғимаратты күрделі жөндеу келесі жылдың соңына қарай аяқталады деп жоспарланып отыр. Залдарды жаңартудан, ғимаратты жөндеуден басқа инженерлік желілер жаңартылып, ретке келтіріледі: су құбыры, кәріз, сондай-ақ желдету жүйесі, жылыту және т.б.

Қазіргі уақытта театр ұжымы өзге театрлардың алаңдарында және драма театрдың кіші залында өнер көрсетеді. Бұл, әрине, театр ұжымына белгілі бір қолайсыздықтар әкеледі. Күрделі жөндеу аяқталғаннан кейін тарихи ғимарат жаңарып, ал көрермендер - қойылымдардан ұмытылмас әсер алады!

Сондай-ақ, мемлекеттік би театры «Наз» және «Қуыршақ театры» ұжымдарына қолайлы орын бөлуді тапсырдым, өйткені қазір олар бұл үшін қолайсыз ғимараттарда дайындалып жүр», - деп жазды әкім.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109