1037

Жасөспірімдердің 80%-ы мектепте екпе алғанды жөн көреді – дәрігер

Нұр-Сұлтанда 12 жастан асқан жасөспірімдерді Pfizer препаратымен коронавирустық инфекцияға қарсы егу жалғасуда. Елорданың штаттан тыс бас педиатры Дана Әбілғазина вакцинацияға қарсы көрсетілімдер, сондай-ақ жасөспірімдердің вакцинациядан бұрын психоэмоционалды дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Егер жасөспірім коронавируспен ауырса, емделіп шыққаннан кейін 3-6 айдан соң екпе алуына болады.

Педиатр сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Pfizer шығарған Comirnaty вакцинасы үшін мемлекеттік тіркеудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

«Қазақстан сапа мен тиімділіктің барлық талаптарына жауап беретін вакциналар сатып алуда. Comirnaty вакцинасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған тізімге енгізілгенін бәрі біледі. Жасөспірімдердің қатысуымен жүргізілген клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңіне сәйкес, бұл тек жоғары тиімділікті ғана емес, сонымен қатар осы жас тобы үшін қауіпсіздікті де көрсетті», - деді Дана Әбілғазина.

Оның айтуынша, жасөспірімдердің 80%-ы мектептерде вакцинацияланады. Дәрігер мұны мектептегі жасөспірімдерді психоэмоционалды қабылдау медициналық мекемелерге қарағанда жақсы деп түсіндіреді.

«Сондай-ақ, мектепте аш қарынға вакцинация жасамау үшін баланы тамақтандыруға мүмкіндік бар. Сол сияқты психолог пен мұғалімдер бар. Олардың болуы да жасөспірімдерге оң әсер етеді. Вакцинациядан бұрын жасөспірімдердің психоэмоционалды дайындығы болуы керек, ал вакцинация кезінде олармен сөйлесіп, ойын басқа жаққа бөліп, тыныштандыру керек», - деді Әбілғазина.

Штаттан тыс бас педиатр егу пунктерінің медицина қызметкерлері арнайы оқытудан өткендігі туралы куәлік түрінде профилактикалық егулер жүргізуге рұқсаты бар екенін және кейіннен аттестацияланғанын атап өтті. Медицина қызметкерлері вакциналармен жұмыс істеу ережелерін ұстанады, вакцинацияға көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштерді есепке алуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ тиісті талаптарды сақтайды.

«Екпе алдында ата-аналардан ақпараттандырылған келісім болуы тиіс. Егу алдында тексеру, сұрау жүргізіледі. Қарсы көрсетілімдер болмаған кезде ғана вакцинация жүргізуге рұқсат беріледі. Екпе алатын адамға және оның ата-анасына егу, ықтимал реакциялар туралы толық ақпарат беріледі. Вакцинациядан кейін түсініксіз реакциялар болған жағдайда дереу дәрігерлердің кеңесіне жүгіну керек», - дейді дәрігер.

Вакцинадан кейінгі инъекция орнында ауырсыну болуы мүмкін, дәрігердің айтуынша, жасөспірімдер мен жүкті әйелдердің 93%-ында кездеседі. Сондай-ақ, инъекция орнында ісіну, бас және бұлшықет ауыруы, температураның аздап жоғарылауы болуы мүмкін. Лимфа түйіндерінің ұлғаюы, қолдың ауыруы және қышуы жиі кездеседі.

Қарсы көрсетілімдер арасында дәрігер мынаны атап өтті:

- белсенді затқа аллергия, бұл полиэтиленгликоль болып есептеледі. Айтпақшы, жұмыртқа немесе желатинге аллергияның болуы вакцинацияға қарсы көрсетілім болып есептелмейді, өйткені вакцинада бұл компоненттер жоқ;

- 12 жасқа дейін немесе 16 аптаға дейін жүктілік;

- егер полиэтиленгликольге немесе оған байланысты басқа молекулаларға ауыр аллергиялық реакция болса;

- егер қандай да бір басқа вакцинаны енгізу кезінде тыныс алу проблемалары болса;

- бұрын инъекциядан кейін құрысып қалу, есінен танып қалу ара-тұра болатын.

Уақытша қарсы көрсеткіштер – жұқпалы аурулар, созылмалы аурулардың өршуі. Сонымен қатар, егер қанның коагуляциясында проблемалар болса, сондай-ақ пациент қан ұйығыштарына қарсы дәрі қабылдаса, вакцинацияға мұқият қарау керек.

Вакцина алғаннан кейін, екпе алған жасөспірімдердің отбасыларына мектеп медбикелері үш күн бойы қоңырау шалады, бұл денсаулық паспортына жазылады.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауға 12 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер, сондай-ақ жүктіліктің 16-дан 37 аптасына дейінгі жүкті әйелдер, лактация кезеңіндегі әйелдер – босанғаннан кейінгі кезең аяқталған соң 42 күннен кейін жатады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109