1087

А.Әлтаев: Бабаларымыз еркін өмір сүруді, ұлттың тәуелсіз болуын армандап өтті

Айтыскер ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтаев қазақстандықтарды келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Тәуелсіз Қазақстан халқын ең ұлық, қастерлі мерекеміз – Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен құттықтағым келеді. Сан ғасыр бойы бабаларымыз аңсаған егемендігіміз баянды болсын! Біз кешегі Қасым салған қасқа жолды да, Есім салған ескі жолды да, Абылай ханның ақ жолында да байтақ даланың төсінде бабаларымыз еркін өмір сүруді, ұлттың тәуелсіз болуын армандап өтті. Кешегі ХХ ғасырдың басындағы Алаш қайраткерлерінің де бар мақсат-мұраты, мүддесі осы қазақ халқының тәуелсіз өмір сүруі еді. Сол ата-бабамыз армандаған тәуелсіздікке бүгін біз жетіп отырмыз», - деді айтыскер ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтаев.

Ол сөзін жалғай отырып, барша қазақстандыққа, әрбір отбасыға бақытты, берекелі өмір тіледі.

«Тәуелсіздіктің 30 жылы шағын уақыт болғанымен осы уақыт аралығында жас мемлекетіміз қаншама жетістікке қол жеткізді. Болашақта экономикалық бақуаты кемелденген, саяси ұстанымы сарабдал, әлемнің ықпалды мемлекеттерінің алдында өзінің бедел-мұраты биік, үлкен айбарлы елге айналсақ дегім келеді. Егемендігіміз мәңгілік болсын! Тәуелсіздік бар жерде іргеміз берік, әрбір отбасындағы тыныс-тіршілігіміз бақытты болмақ.
Отан отбасынан басталады. Әрбір отбасындағы қуаныш пен береке, тәрбиенің тәлімді болуы тұтастай келгенде мемлекеттің іргетасының берік, шаңырағының биік болуын қамтамасыз етеді. Сондықтан барша қазақстандықтарға, әрбір отбасыға бақытты, берекелі өмір тілеймін! Біздің жақсы көретін, ардақтайтын Тәуелсіз Қазақстан мемлекетіміздің болашағы жарқын, келешегі кемел болсын!» - деген тілегін айтты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109