1196

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің кубогы: жеңімпаздар анықталды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті бастығының кубогы үшін жасөспірімдер арасындағы қоян-қолтық ұрыстан турнир қорытындысы жарияланды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Чемпионатқа Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Көкшетау және республиканың басқа қалаларынан 8-14 жас аралығындағы 400-ден астам жасөспірім қатысты. Жас спортшылардың қатысуымен жекпе-жек екі күн бойы өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте бірінші орынды «Динамо» командасы иеленді – 14 алтын, 11 күміс және 8 қола медаль. Екінші орында елордалық «Абыралы» командасы. Олардың есебінде 8 алтын, 7 күміс және 6 қола медаль бар. Үшінші орында – Көкшетаудың құрама командасы, онда 6 алтын, 5 күміс және 4 қола медаль бар.

Жеңімпаз командалар естелік кубоктармен және дипломдармен марапатталды. Жеке есепте I, II және III орын алған спортшылар медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109