1244

Париж қаласында Абай бюсті ашылды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында Парижде қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының бюсті ашылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

«Париж қаласында қазақтың ұлы ақыны, ұлт философы Абай Құнанбайұлының бюсті ашылды. Бюст Париждің орталығында ақындар алаңында орнатылды, ол жерде В.Гюго, А.Пушкин және т.б. құрмет көрсетілді.

Ұлы Абайдың мүсіні Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында ашылып отыр. Ұйымдастырушысы – ҚР Франциядағы Елшілігі, бюст демеушілік қаражат есебінен ашылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қаламыздың экономикасына жеке инвестициялар тарту бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Париж қаласының мэрі Анн Идальгомен достық пен ынтымақтастық туралы пактіге қол қойып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруды талқыладық. Мәселен, Нұр-Сұлтанда 30-дан астам француз компаниясы жұмыс істейді. Бұл бірлескен маңызды жобаларды ашу және жеке инвестицияларды тарту ғана емес, сол сияқты қосымша жұмыс орындарын құру болып саналады.

Бірлескен жобалар санын кеңейтетін боламыз. Сонымен бірге елордамызда Францияның жеке инвестициялары есебінен жеке мектеп салу туралы келісімге келдік. Сондай-ақ, музейлер ұжымын келесі жылы көрмелерімен шақырдық, олар елордамыздың мәдени саласын дамытуға өз үлесін қосатыны сөзсіз», – деп жазды елорда әкімі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109