1496

Елордалық емхананың дәрігері "Алтын дәрігер" медаліне ие болды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордалық емхана дәрігері Оразалы Рахимов Қазақстан Республикасы Ұлттық медицина қауымдастығының "Алтын дәрігер" медалімен марапатталды. Марапатты Қауымдастық президенті Айжан Садықова табыстады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. 

"Алтын дәрігер" төсбелгісі өз қызметінде ерекше кәсіби шеберлік пен қайсарлық танытқан денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлеріне адал және мінсіз еңбегі үшін тапсырылады.

Медаль маманның отандық денсаулық сақтауды, халық денсаулығын жақсартуға және белсенді қоғамдық қызметке қосқан зор үлесі мен еңбегін мойындау болып табылады.

Оразалы Рахимов Денсаулық сақтау саласында 35 жылдан астам жұмыс істеп келеді. Еңбек жолын Целиноград облыстық ауруханасында дәрігер-интерн болып бастаған, ауылдық дәрігерлік амбулаторияда алдымен терапевт, содан кейін бас дәрігер болып жұмыс істейді, жедел медициналық жәрдем бригадасының дәрігері және балалар ауруханасында лор-дәрігер болды. №3 қалалық емханада Оразалы Рахимов 24 жыл жұмыс істейді. Соңғы жылдары Есіл ауданы бойынша шақырылған медициналық комиссияның төрағасы.

"Шынымды айтсам, күтпедім. Бірақ менің кандидатурамды ұсынған жандарға ризамын. Менің Денсаулық сақтау саласындағы еңбегімнің еленуі мен үшін үлкен құрмет пен қуаныш. Сезімімді айтып жеткізу мүмкін емес", - деп өз ойымен бөлісті дәрігер.

Оразалы Рахимовтың ақ халатында алтын жалатылған және фианиті бар төсбелгі айқын көрінеді. Үлкен тәжірибесі бар дәрігер үшін енді бұл- ең қымбат марапаттардың бірі.

Бұған дейін COVID-19 пандемиясы кезінде қайтыс болған дәрігерлер "Алтын дәрігер" медалімен марапатталды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109