1301

Алдағы мерекелер эпиджағдайдың нашарлауына жеткізбеуі тиіс – Сархат Бейсенова

Нұр-Сұлтан қаласы 26 қазаннан бастап эпиджағдайды бағалау матрицасы бойынша «сары» аймақта. Алайда дәрігерлер мен эпидемиологтар жұртшылықты сақ болуға және карантиндік шектеулер мен санитарлық нормаларды сақтауды жалғастыруға шақырады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 24 қыркүйектегі қаулысы негізінде салтанатты, естелік, отбасылық іс-шараларды, оның ішінде банкеттерді, үйлену тойларын, мерейтойларды «сары» аймақта 50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан аспайтын жерде өткізуге рұқсат етіледі. Келушілер мен мекеме қызметкерлері арасында тек «жасыл» статустың болуы міндетті шарт болып саналады.

Қалалық әкімдікте өткен онлайн-брифинг барысында елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова қала тұрғындарын алдағы мерекелерді шағын отбасылық ортада өткізуге шақырды.

«Қаланың «сары» аймақта болуы ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің тиісті қаулыларымен белгіленген, бұл карантиндік шектеулерді сақтау қажеттілігін еске салады. Алдағы мерекелер эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және коронавирустық инфекцияның көбеюіне әкелмеуі керек және бұл біздің сақтық шараларын сақтауымызға тікелей байланысты. Сондықтан қала тұрғындарын жаңа жылды туыстарымен бірге шағын ортада қауіпсіз күйде атап өтуге шақырамын», - деді ол.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109