1433

Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздік. Елорда. Байқоңыр» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

Нұр-Сұлтан қаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік. Елорда. Байқоңыр» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Алқалы жиынға Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов, сол сияқты көрнекті қоғам қайраткерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаттары, «Байқоңыр» ауданының ақсақалдары қатысып, ел Тәуелсіздігі туралы толғамды ойларын ортаға салды.

Қатысушылар Тәуелсіздік кезеңдері мен жаңа мемлекеттің құрылуындағы өзекті мәселелерді, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіз еліміздің қалыптасуындағы стратегиялық бастамаларының рөлін, елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси-құқықтық жаңғыруының перспективалары мен бағыттарын өзара саралады.

Конференция отырысын ашқан «Байқоңыр» ауданының әкімі Нұрбол Нұрсағатов биыл ел тарихы үшін ерекше жыл екенін айтып, тәуелсіз Қазақстанның әлемдік саясатта дербес, егеменді ел ретінде танылғанына 30 жыл толуымен жиналғандарды құттықтады.

«Бұл жарты ширек ғасырдан астам уақыт. Қазақстанның Республикасының егемендігі, тәуелсіздігі ұғымдарын сөз еткенде Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы туралы, оның саяси және тарихи миссиясын сөз етпеу мүмкін емес. Тәуелсіздік алу – бір, ал оны қорғап қалу, баянды ету, келешек ұрпаққа аманат ету – бір басқа. Бұл мәселе туралы жан-жақты Елбасымыз «Елдіктің жеті тұғыры» мақаласында нақты бағыт-бағдар беріп өтті», - деді өз сөзінде Н. Нұрсағатов.

Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов та тәуелсіздік туралы өз ойымен бөлісті.

«Тәуелсіздік – ата-бабамыздан қалған асыл аманат. Ол ұлтымыздың, тіліміздің, дәстүріміздің мызғымас тірегі, алтын діңгегі. Өз алдына егемен ұлт болу біраз жұртқа арман болса, біз үшін баға жетпес құндылық», - деп атап өтті А. Оралов.

Ал Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов өз сөзінде тұғырлы Тәуелсіздіктің баянды болуын тілей отырып, елорданың Байқоңыр ауданының дамуына қатысты өз ойын жеткізді.

Жиынға арнайы қатысқан белгілі қоғам қайраткері, тіл жанашыры Асылы Осман бүгінгі конференцияның маңыздылығы туралы айтты.

«Бүгінгі шараның тақырыбының өзі, түсінген адамға мәні зор. Ел тәуелсіздігіне арналған мұндай шаралар көптеп өткізіліп, насихатталу керек. Тәуелсіздігіміз баянды, тіліміз тұғырлы болып, Елбасымыз айтқандай алдыңғы 30 дамыған мемлекеттің біріне айналайық», - деді А. Осман.

Конференция соңында қатысушылар елордадағы Қаламгерлер аллеясындағы «Алаш арыстары» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, «Qitap qala» ашық аспан астындағы кітапханаға барды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109