1255

Елордада әлеуметтік осал топқа жататын отбасылар үшін тағы 80 улы газ датчигі орнатылады

Өрт қауіпсіздігін бұзу көбінесе адамдар мен олардың мүлкі де құрбан болатын өрт пен қайғылы жағдайларға әкеліп соғады. Елордалық ТЖД тұрғын үй секторында өрттің алдын алу бойынша қандай алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 

Жылыту маусымына дайындық бойынша профилактикалық жұмыс 15 тамыздан басталады және жылыту маусымының соңына дейін жалғасады. 15 тамыздан 15 қыркүйекке дейін әлеуметтік осал топқа жататын отбасылардың үйлерін аралау жүргізілді. Негізінен, бұзушылықтардың арасында жылыту пештерінің нашар жағдайы, ескірген электр сымдары бар. Елордалық ТЖД бастығы Қуаныш Базарбаевтың айтуынша, жалпы 19 мың бұзушылық анықталған.

"Бұл отбасылармен профилактикалық әңгімелер, нұсқаулықтар өткізіледі. Әрине, ескірген тұрғын үй жылдар өткен сайын жаңармайды, сәйкесінше бұзушылықтар саны да арта түседі", - деді Қуаныш Базарбаев El-Orda YouTube-арнасына берген сұхбатында.

Биыл қалалық әкімдіктің және қайырымдылық ұйымдарының қолдауымен әлеуметтік осал отбасылар үшін 33 улы газ датчигі орнатылды. Жылыту маусымының соңына дейін тағы 80 датчик орнату жоспарлануда.
ТЖД автономды жылытуы бар үйлердің тұрғындары ТЖ қызметкерлерін тексеру үшін кейде кіргізбейтінін атап өтті. Жылыту маусымы басталғаннан бері осындай 55 жағдай тіркелген.

ТЖ департаментінің ұсынымдарына сәйкес, өзіңізді өрттен қорғау үшін бірқатар ережелерді сақтау қажет.

Электр құралдарын пайдалану кезінде:

- үйде жасалған электр жылыту құралдарын пайдалана алмайтыныңызды ұмытпаңыз;

- іске қосылған электр құралдарын қараусыз қалдырмаңыз;

- электр сымдары мен кабельдерді Тек тұтас оқшаулағышпен пайдаланыңыз;

- жарамды розеткалар мен ажыратқыштарды пайдаланыңыз;

- электр плиталары мен электр шәйнектері жанбайтын материалдардан жасалған тұғырықтарда болуы тиіс;

- желінің артық жүктелуіне жол бермеу үшін электр розеткасына бір мезгілде бірнеше электр аспаптарын, әсіресе қуаты жоғары аспаптарды қоспауға тырысыңыз;

- шамадан тыс жүктемеден және қысқа тұйықталудан қорғау аппараттарында калибрленбеген балқымалы ендірмелерді ("қоңыздарды") қолданудан бас тартыңыз;

- электр сымдарын орнатуды тек маман ғана орындауы керек екенін ұмытпаңыз.

Пештерді пайдалану кезінде:
- пеш пен мұржаның жарамдылығын алдын ала тексеріңіз;

- есіңізде болсын, пештің бетіндегі қабатта жарықтар мен тесіктер болмауы керек, ал мұржада жақсы тартылыс болуы керек;

- түтін шығатын құбыр едендердің немесе қабырғалардың конструкцияларының жану мүмкіндігін болдырмайтындай етіп жасалуы керек екенін біліңіз;

- пештің қызып кетуіне жол бермеу үшін оны күніне бірнеше рет қыздырыңыз;

- пешті жағу кезінде жанғыш сұйықтықтарды пайдаланбаңыз;

- жанып жатқан пешті қараусыз қалдырмаңыз;

- пешті тек ересек адам ғана жағуы керек.

Ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты Департамент пешті жағу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.
Өрт шыққан жағдайда дереу құтқару қызметіне 01 (стационар бойынша) және 101 (ұялы байланыс бойынша) телефондары бойынша жүгіну қажет.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109