1492

Елордада екі тұрғын үй кешені газға қосылды

Елордалық алғашқы екі көппәтерлі тұрғын үй кешені газға қосылды. Олардың бірі "Көктал-1", екіншісі "Промышленный" тұрғын алабында орналасқан, деп хабарлайды Нұр – Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. 

Елорданы газдандыру Елбасының ауқымды жобасы болып табылады. Оны жүзеге асыру барысы Мемлекет басшысының бақылауында.

"Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі 2019 жылдың қыркүйегінен бастап елорда аумағында газбен жабдықтау желілерін салу бойынша өте үлкен жобаны жүзеге асыруда. Екі жылдан астам уақыт өтті. Осы кезеңде қалада 650 км газ тарату желілері салынды. Бүгінгі таңда 9 тұрғын үй алабын қосуға қолжетімділік қамтамасыз етілген, яғни 14 мыңға жуық абонент газға қол жеткізе алады. Бүгінде алғашқы екі тұрғын үй кешені газға көшірілді. Бірінші үй "Көктал-1", екінші үй "Промышленный" тұрғын алабында орналасқан. Бұл айтарлықтай үлкен үйлер, біреуінде - шамамен 70 пәтер, екіншісінде – шамамен 190 пәтер бар. Тұтынудың алғашқы кезеңінде тұрғындардың бұрын қанша төлегенімен салыстырғанда 3 еседен астам үнемдеу байқалады. Олар газға көшудің жайлылығын сезінді",-деді Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Мақсат Есмағұлов.

Газға қосылған тұрғын үй кешендері бірінің құрылысын салушының өкілі Оксана Реснованың айтуынша, үйде газ жеткізуде кедергі жоқ.
"Бұл үйдің жылуы табиғи газға қосылған. Осының арқасында біз газ жеткізу мәселесін шештік, бізде жоспардан кешігу сынды проблемалар жоқ, алдағы уақытта да солай болады деп үміттенеміз. Кезінде біздің үйді табиғи газға қосуға бастамашы болған қаламыздың әкімдігіне үлкен рахмет. Бүгінгі таңда бұл біз үшін өте үлкен жеңілдік", - деп түсіндірді О.Реснова.

Тұрғын үй кешендерінің тұрғындары газға көшудің артықшылықтарын бағалады. Майра Нұралиева МТК-да шамамен алты ай тұрады. Оның айтуынша, үй өте жылы, барлық жылу жүйесі заманауи стандарттарға сай жабдықталған және тұрғындарға аязды қыста алаңдауға негіз жоқ.
"Үй өте жылы. Бізге газ жүргізіп бергені жақсы болды. Енді үйіміз құрғақ әрі жылы", - деп бөлісті көппәтерлі тұрғын үй кешенінің тағы бір тұрғыны Ахат Толымхан.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Алматы мен Сарыарқа аудандары газдандырылды. Газ тарату желілері 9 тұрғын алаптарында жүргізілді: "Көктал-1", "Көктал-2", "Железнодорожный", "Промышленный", "Агроқалашық", "Оңтүстік-Шығыс", "Интернациональный", "Мичурино", "Күйгенжар". "Қазақауыл", "Ақбидай" шағын аудандарында, сондай-ақ қаланың Потанин көшесіндегі ескі бөлігінде газ іске қосу үшін іске қосу-жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109