456

Мәдениет қайраткерлері қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады

Еліміздің мәдениет қайраткерлері Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты. 

"Құрметті қазақстандықтар! Баршаңызды Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Ең бастысы – еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын деп тілеймін!" – деп құттықтады белгілі опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов.

Өнер майталмандары Тәуелсіздіктің оңайшылықпен келмегенін атап өтті. Сондықтан, оны қадірлеп, қастерлеу әр азаматтың парызы деп санайды.

"Ұрпаққа үлгі болатын, осы тәуелсіздік алып берген біздің аға-әпкелерімізге, бауырларымызға үлкен алғыс айтқым келеді. Ол деген үлкен батырлық, ұрпаққа үлгі! Тәуелсіздік оңайшылықпен келген дүние емес. Сондықтан Тәуелсіздігімізден ешқашан айырмаса екен деп тілеймін. Ұрпағымызға тәуелсіздіктің мыңжылдығын көруді нәсіп етсін!", – деген тілегін білдірді ҚР Еңбек сіңірген қайреткері Саят Медеуов.

"Тәуелсіздік дегеннің өзі елдің басындағы батпандай бақыт. Бұл бақытты қадірлеп жүрген, қадірлей білген ел бақытты. Тәуелсіздігі бар ел әлемдегі ең ұйқысы тыныш, қарны тоқ, уайымы жоқ ел. Яғни, біз сондай елміз. Ендеше, қымбатты қазақ елі, басымыздағы тәуелсіздігімізді бағалайық. Осындай ел бола тұра, тәуелсіздігіміз бола тұра біз бақытты елміз. Өз басым бұл елдің тәуелсіздігін ең қатты құрметтейтін азаматтардың қатарынанмын. Себебі, әлемдегі көптеген елдермен тереземіз тең. Бүгінде әлем білетін мемлекеттердің қатарындамыз. Бізді бейбітшілікті жақсы көретіндігімізбен, өз ұлтымызды қастерлей білетіндігімізбен, өнеріміздің, жаурыны жерге тимеген батыр балуандарымыздың, біздің елді басқарған басшылардың арқасында таниды. Байлығы таныған, жері кең, халқы мейірімді осындай ұлт әрқашан тәуелсіздігін қадірлей білуі керек", – деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Тоқтар Серіков.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109