1277

Үлкен құрылыс, аудандардың құрылуы және инфрақұрылым: Астана қалай көшті

Бүгін – астананың ресми түрде Ақмолаға көшкен күні. 24 жыл бұрын 300 мыңға да жетпейтін халқы болған шағын қала бүгінде 1 млн 200 мыңнан асатын халқы бар, әлемдегі ең әсем астаналармен қатар тұратын, сәулеті мен сәні көз тартатын алып қала. Бүгінгі датаға орай қала әкімдігі сайтының редакциясы астананың Ақмолаға көшкен сәтінің куәсі болған және 2002-2007 жылдары сол кездегі Алматы ауданын басқарған Мұхтар Еркетаевпен сұхбаттасты.                    

- Ақмола ел астанасы болады деген хабарды сол кездегі тұрғындар қалай қабылдады?

- Бізге Ақмола ел астанасы болады деген хабар 1995 жылдан бастап келе бастады. Бірақ, сол уақытта тұрғындардың көбісі бұдан хабардар болмады. Ал, естігендердің көбі бұл әңгімеге мән берген жоқ. Бірақ, "астана Ақмолаға көшсе жақсы болар еді, біздің тұрмыс жағдайымыз түзелер еді" деген пікірлер айтылып жүрді. Өйткені, 1995-1996 жылдары біздің қалада халықтың тұрмыс-тіршілігі қиын болды. Жылу, электр жүйесімен жабдықтау жағы нашар еді. Сондықтан, тұрғындар астана бізге келетін болса, осы мәселелер шешімін табатын болар деп үміттенді.

- Ақмолаға Алматыдан көшіп келген түрлі ведомство өкілдерін, министрлерді күтіп алған кезді еске түсіріңізші. Оларға жеке ғимарат, қызметкерлерге баспана беру мәселесі қалай шешілді?

- Алдымен бізге 1995-96 жылдары арнайы комиссия келіп ғимараттарды, жоғары оқу орындарын қарап, қай жерге қай мекемені, ведомствоны орналастыруға болатынын зерделеді.

Мен 1997 жылы сол кездегі Вишнев ауданында құрылыс компаниясының вице-президенті болғанмын. Сол кезде астанаға құрылысшылар жетіспегендіктен, аудан-ауданнан құрылысшыларды шақырып, бізге Алматыдан келетін ведомстволарға ғимараттарды дайындауды тапсырды. Бұрын Абай көшесінде Теміржол басқармасы деген болған, соларды көшіріп, бізге сол ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізіп, екі министрлікке дайындаңдар деді. Екінші қабатқа Көлік министрлігі, бірінші қабатқа Ауыл шаруашылығы министрлігі келмекші болды. Сонда мен құрылыс барысын өзім басқарып, ауданнан құрылысшыларды әкеліп жұмысты 1997 жылың желтоқсанына дейін аяқтадық.

10 желтоқсанда астананың рәміздерін әкеліп, алаңға мыңдаған кісіні жинап, 7 қабатты ғимараттың алдында Президентімізге кілт табыс етілді. Бүкіл министрліктер, біздің Үкіметіміз, Президент әкімшілігі бәрі сол жеті қабатты ғимаратқа сыйды.

- Қателеспесем, сол жылдары астанада аудандар болмады. Жаңа аудандар қалай құрылды?

- 1997 жылдары мұнда аудандар болған жоқ. Ол кезде тек қана қаланың әкімшілігі болды. Сол кездегі астананың әкімі Аманжол Бөлекбаев көп жұмыс атқарды. Ол кезде қаланы абаттандыру сынды жұмыстарға қаржы да болған жоқ. Ең бірінші кезекте сумен, жылумен, электрмен қамтамасыз ету, кәріз жүйелерін дұрыстау және жол жөндеу сынды өткір мәселелер тұрды.

Алматыдан келетін шенеуніктерге №9 шағын ауданнан үй салынды, ол үй 1997-98 жылдары аяқталып, біздің шенеуніктерге сол жерден пәтерлер беріле бастады. Ал, оған дейін олар оқу орындарының жатақханаларында тұрды. Жатақханалардағы жағдай да мәз емес еді. Бөлмелердегі температура 12 градус болатын, кейде су да қатып қалатын. Ол кездері жарықтың өзі белгілі бір уақыттарда ғана берілетін. Сондай қиындықтарға төзгендері қалды, ал шыдай алмағандары Алматыға қайтадан кетіп те қалды.

Ал 1998 жылы 6 мамыр күні Сарыарқа және Алматы аудандарын құру туралы Жарлық шықты. Және сол Жарлықпен Ақмоланы Астана деп атау туралы шешім шықты. Мен сол кезде Алматы ауданына аппарат басшысы болып қызметке келдім. Біз оншақты кабинет бар бір зауыттың ғимаратын алып, сол жерде жиналыстарымызды өткізіп, халықпен жұмыс істедік.

- Өзіңіз басшылық еткен Алматы ауданында шешімін табуы тиіс қандай өткір мәселелер болды?

- Мен осы ауданның екінші әкімі болдым. Ол кезде жағдай ептеп түрақталған, халық  аудан әкімшілігіне сене бастаған. Ол кезде шағын аудандардың жолын жөндеу, асфальттау, абаттандыру, мектеп пен балабақшалардың жөндеу жұмыстарын жасауға көп көңіл бөлінді. Әсіресе су , жылу, жарық беру мәселелері әлі де өткір болды. Бізге сол кездегі ауданымыздағы кәсіпкерлер көп көмек көрсетті. Қар тазалаудың өзі үлкен проблема еді, оған да кәсіпкерлер жәрдемдесті.

Ол кезде аудандарға қаржы бөлінген жоқ. Өйткені бізде мәслихат болған жоқ. Қаланың ғана бюджеті болды. 2004 жылға дейін аудандарға бюджеттік қаржыландыру деген болмады. Сол кездегі кәсіпкерлер барлық жұмысты өз қаржыларына жасап, астананың әсемденуіне үлкен үлес қосты.

2004 жылдан бастап бізге қаржы бөліне бастады. Сондықтан біз жарық, жөндеу жұмыстары, тазалық жұмыстарына конкурс өткізіп, осы мәселелерді өз қолымызға алдық.

- Өзіңіз басқарған Алматы ауданы қазір қаншалықты өзгерді?

- Алматы ауданына басқаларға қарағанда көзқарасым басқаша. Қазір кейде қаланы жаяу аралаймын. Сол кезде жолмен келе жатып бұл жерде не болды, қандай ғимарат тұрды соны еске аламын. Көбінесе саяжай кенттері болған еді. Бәрі көз алдымда. Сол саяжай, гараждардың бәрін сүру менің мойнымда болды. Барлығын сүріп, орнына қаншама ғимараттар салынды.

Бәйтеректің де қалай салынғаны да көз алдымда. Кішкентай ғана қала еді, қазір міне еліміздің түкпір-түкпірінен азаматтар келіп, осында жұмыс істеуде.

Бүгінде Алматы ауданы, жалпы астанамыз адам танымастай өзгерді. Халықтың жайлы өмір сүруі үшін керектінің бәрі бар деуге болады.

Осы жерге кереметтей астананы салған Елбасымызға алғыс айтқым келеді. Елордамыз көркейіп, гүлдене берсін!

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109