1230

Елордада Тәуелсіздік күні қарсаңында көпбалалы аналар мен үздік қызметкерлер марапатталды

Елордада «Байқоңыр» ауданының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Тәуелсіздіктің 30-жылдығына орай көпбалалы аналарды және әр саланың үздіктерін марапаттады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 

«Алтын алқа» марапатымен және «Байқоңыр» ауданы әкімдігінің атынан бағалы сыйлықпен көпбалалы ана Хадиша Ақбердиева, Салтанат Молдағалиева, Зейнеп Мухатаева, Арайлым Темірғалиева марапатталды. 

Әр саланың өз майталманы бар, әр саланың өз үздігі бар. Оларды марапаттау, құрмет көрсету жас мамандарға мотивация, үлгі. Қала әкімдігінің ұсынуымен келесі сала мамандары алғыс хаттар мен «Байқоңыр» ауданы әкімдігінен бағалы сыйлықтармен марапатталды: 

«Байқоңыр» ауданы бойынша «Ең үздік денсаулық сақтау қызметкері» - Броска Лариса Петровна; 

«Байқоңыр» ауданы бойынша «Ең үздік ұстаз» - №21 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Сүлейменова Гүлжаухар Балтабайқызы; 

«Байқоңыр» ауданы бойынша «Ең үздік азаматтық қорғаныс саласының маманы» - Байқоңыр ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Қуанышев Асылхан Серікұлы; 

«Байқоңыр» ауданы бойынша «Ең үздік полиция қызметкері» болып танылған Жукенов Темірлан Ерғабылұлы. 

Мамандардың бәрі жақсы, алайда соңғы екі жылда әлемдік пандемия кезінде қадірі ерекше білінген, ақхалатты абзал жандардың еңбегі ерекше болды. Медицина қызметкерлері адал еңбегі үшін алғыс хат пен бағалы сыйлықтармен марапатталды: Бейбіт Ақерке Бейбітқызы – «Достық» отбасылық денсаулық сақтау орталығының мейірбикесі; Наурызбай Бибігүл Наурызбайқызы - «Достық» отбасылық денсаулық сақтау орталығының жалпы тәжірибе дәрігері; Оразбаева Амина Өміржанқызы - №8 қалалық емханасының Статистика бөлімінің меңгерушісі; Усенова Жания Ғалымңалиқызы - №3 отбасылық денсаулық сақтау орталығының меңгерушісі. 

Сонымен қоса үздік қызметкерлер 2021 жылғы 2 желтоқсандағы ҚР Президентінің Жарлығы бойынша «Қазақстан Тәуелсіздіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Әскери-тарих музейінің сахнасында өткен іс-шара соңы мерекелік концертке ұласты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109