1557

"Бүгінде қала адам танымастай өзгерді": Елбасы Кітапханасында елорданың алғашқы құрылысшыларымен кездесу өтті

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында Нұр-Сұлтанның алғашқы құрылысшыларымен кездесу өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты Елбасы кітапханасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шара елорданы ресми көшіру күніне орайластырылды – 1997 жылғы 10 желтоқсанда Ақмола қаласы, қазіргі Нұр-Сұлтан еліміздің бас қаласы болып жарияланды.

Кездесуге еліміздің белгілі саяси және қоғам қайраткерлері: Фарит Галимов, Сергей Фомичев, Серік Рустамбеков, Сансызбай Есілов, Төлеген Мұхамеджанов, Николай Мещеряков, Анатолий Ченцов, Светлана Жалмағамбетова, Баир Досмағамбетов, Жәнібек Кәрібжанов, Александр Литвинов, Қайсар Омаров, Болат Қуанышев, Ахметолла Шәкіров шақырылды.

"Қазақстанның жаңа астанасы жарияланған күні бізді жинаған іс-шараны ұйымдастырушыларға рахмет. Қала әкімдігінің бұрынғы қызметкері, бірінші қала әкімінің командасы ретінде Елбасы кітапханасына келгеніме өте қуаныштымын. Мен үшін қымбат және таныс жандармен жүздесіп отырмын. Қаламыз бүгінде адам танымастай өзгерді, әдемі, биік, заманауи болды. Елорданың игілігі үшін жұмыс істей отырып, біз Елбасының жан – жақты қолдауын сезіндік", - деп бөлісті 1997-2000 жылдары астана әкімінің бірінші орынбасары болған ардагерлер ұйымының төрағасы Сансызбай Есілов.

"Мен осы ауқымды құрылысқа басынан бастап қатыстым. Елорданы салудың қалай басталғанын, жердің астында және үстінде не жатқанын көрдім. Бүгін мен осы процеске қатысқандардың барлығына үлкен алғысымды білдіргім келеді. Олар—тамаша адамдар, құрылысшылар, өз елінің нағыз патриоттары", - деп атап өтті 2001-2002 жылдары Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары, кейін астана әкімінің орынбасары болған Сергей Фомичев. 

Еліміздің бас қаласының қалыптасуының бастауында тұрған "Евразия + ОРТ" ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Светлана Жалмағамбетова да өз естеліктерімен бөлісті. 

"Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін көптеген сарапшылар Қазақстанға толық күйрейді деп болжады Әлсіз экономика, көптеген ұлттар тұрады, сондықтан ұлтаралық араздық болады деп ойлады. Бірақ барлық болжамдарға қарамастан, дәл бізде, Қазақстанда бейбітшілік пен келісім орнады, Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Елбасының арқасында алғашқы күннен бастап болашаққа деген берік сенім орнады, ал Қазақстан-бұл халықаралық аренада беделді, тұрақты және орнықты мемлекет, ал Нұр-Сұлтан қаласы бүкіл әлемге танымал болды", - деп атап өтті ол.

Іс – шара барысында қонақтарға астананың қалыптасуы мен даму тарихына арналған экспозициялар-фотосуреттер, құжаттар, бейнехроника және Елбасы кітапханасының мұражай, мұрағат және кітапхана қорларынан алынған басқа да бірегей экспонаттар ұсынылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109