1152

Нұр-Сұлтанда әлеуметтік маңызы бар мамандық өкілдерінің жұмысы аталып өтті

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында әлеуметтік маңызы бар мамандық иелері үшін концерт өткізіліп, "Алтын жүректі жандар" мүсіншелерімен марапатталды. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

"Әр заманның өз батырлары бар. Осы және өткен жыл оңай болған жоқ. Артылған жүктеме мен тәуекелдер еселеп өсті, алайда дәрігерлеріміздің, тәртіп сақшыларының, құтқарушылардың, еріктілердің қажырлы еңбегінің арқасында мыңдаған адамның өмірін құтқару мүмкін болды.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында әлеуметтік маңызы бар мамандық өкілдерінің құрметіне концерт ұйымдастырылып, оларға "Алтын жүректі жандар" мүсіншелері табыс етілді. Олардың қатарында медицина қызметкерлері, педагогтер, ТЖД, полиция департаментінің қызметкерлері, коммуналдық қызметкерлер, еріктілер, журналистер бар.

Мысалы, марапатталғандар арасында жедел жәрдем жүргізушісі Еркін Көксеген бар. Ол пандемия кезінде мыңнан астам науқасқа көмектесті; Марина Макиенко - "қызыл аймақта" алғашқылардың бірі болып жұмыс істеген, Ернұр Маратұлы - тәжірибелі анестезиолог–реаниматолог, медицина саласында 25 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді.

Асан Балтабаев әйелді балаларымен бірге оттан құтқарды, ал Алмаз Құлтанов суға батып бара жатқан әйелді құтқарды.

Сондай-ақ, күн сайын біздің қалалықтардың өміріне араша түсетін құтқарушылар/өрт сөндірушілердің; пандемия кезінде балаларымызды қашықтан оқытып, материалды меңгеруге, балалар үшін маңызды емтихандарға дайындалуға көмектескен мұғалімдердің; бетперде, дәрі-дәрмек таратқан еріктілердің еңбегі атап өтілді.

Мұндай мысалдар көп. Әлеуметтік маңызы бар мамандық иесінің әрбірі — батыр. Еңбектеріңіз бен кәсіби шеберліктеріңіз үшін алғыс айтамын!

Біз өз тарапымыздан қолайлы жұмыс істеу үшін жағдай жасау: тұрғын үй мәселесі, жалақыны арттыру, материалдық-техникалық базаны жаңарту және т. б. бойынша жұмысты жалғастырамыз", – деп жазды Алтай Көлгінов.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109