1228

Қазақстандық спорт жұлдыздары елордалық студенттер үшін дене шынықтыру сабағын өткізді

Атақты қазақстандық спортшылар елордалық колледждердің бірінің студенттерімен жаттығу өткізді. Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. 

Спорттық кездесуді №3 қалалық емхананың "Жас толқын" жастар денсаулық орталығы мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Кәсіптік–техникалық колледжі" КММ бірлесіп ұйымдастырды. 

Шақырылған қонақтар арасында қазақстандық спортшылар одағының төрағасы Азамат Қарлығашев, еркін күрестен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Гузель Манюрова, ауыр атлетикадан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Светлана Подобедова, көркем гимнастикадан 2011 жылғы Азия чемпионы Анна Алябьева, екі қол күресі бойынша Қазақстан чемпионы Айтым Жақыпов болды. Оның ішінде белгілі спортшылар Дәурен Елеусінов, Қанат Әбутәліпов және Сергей Цырульников бар.

Жаттығудан кейін студенттер 5 командаға бөлініп, "көңілді старттарға" қатысты. 

Төрешілер қорытынды шығарып жатқанда, эстафетаға қатысушылар мен көрермендер арасында би жарысы өтті. 

"Баршаңызды келе жатқан мерекемен құттықтаймын! Мұнда өздерінің еңбектерімен және шеберлігімен үлкен биіктерге жеткен спортшылар шақырылды. Олардан үлгі алыңыздар! Деніңіз сау және бақытты болыңыздар!",- деді №3 қалалық емхананың директоры Сәуле Нұрашева.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109